ДИКТОР: Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Зеренді ауданының аумағында мамырдың 15-і мен 31-і аралығында «Абайлаңыз-балалар!» атты республикалық акциясы өтті. Екі апта бойы тәртіп сақшылары балалармен түрлі кездесулер ұйымдастырып, мектептерде танымдық викториналар өткізді. Бұдан бөлек акция барысында құқық қорғау органының қызметкерлері жүргізушілермен де түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көп ретте бүлдіршіндерді арнайы креслосыз тасымалдайды. Арнайы белдіктер де орнатпайды.
РКС: Жаз мезгілінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының саны артатынын статистикадан-ақ байқауға болады. Жыл басынан бері облыс бойынша 20 жол апаты тіркеліп, 3 бала мерт болды. 25-і түрлі жарақат алған. "Абайлаңыз-балалар!" жедел алдын алу шарасы балалар мен ата-аналарды жолда байқап жүруді тағы бір мәрте ескертті.
СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазіргі уақытта Ақмола облысы департаменті полициясымен бүкіл Ақмола облысы бойынша, бүкіл аудандармен осындай балалардың білімін көтеру үшін, жол ережесін сақтау үшін және балалардың ең сондай маңызды, ол балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін осындай міне жарыстар өткізіліп жатыр.
СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Балалардың қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында. Жазғы демалыстардың қарсаңында бүлдіршіндерге жол ережесі жайлы және жалпы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беруді жөн көрдік. Барлық бүлдіршінді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Денсаулықтары мықты, еліміздің іргелі азаматтары болсын.
РКС: Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күн сайын түнгі 11-ден кейін сыртта жүрген жасөспірімдерді арнайы тіркеуге қоятынын атап өткен жөн. Түнде қылмыстың бел ортасына тап болу ықтималдығы артады. Жазда жазатайым оқиғалардың саны жиілейтіні шындық. Жыл басынан бері балалардың өліміне әкеп соқтырған 6 жағдай тіркелді. Оның барлығында балалар ата-ананың қарауынсыз қалған.
СНХ: ЛАРИСА ИВАЩЕНКО, №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: Акцияға негізінен 3 сынып оқушылары қатысты. Мұндай шараның маңызы өте зор деп айтар едім. Өйткені балалар тікелей тәртіп сақшыларынан көп мағлұмат алды. Сондай-ақ балалармен жол белгісін анықтауға арналған ойындар өткізілді. Оқушылар өз білімдерін көрсете білді және бұл іс-шара біразға дейін естерінде қалады деген үміттемін.
РКС: "Абайлаңыз – балалар!" акциясына Зеренді ауданы бойынша 70-тен астам оқушы қатысты.
ИНТЕРШУМ: ойын барысынан көріністер
АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.