ДИКТОР: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «ХХ ғасыр қасіреті – күштеп ұжымдастыру, ашаршылық, қуғын-сүргін, депортация» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға қатысқан елордалық ғалымдар барша Алаш үшін ұлы зұлмат жылдар атанған кезеңнің ақиқатын ашуға бір табан жақындап, ел назарына тың деректер ұсынды.
РКС: Үш жыл бұрын Президент Жарлығымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Былтыр қазақстандық ғалымдар ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы тарихи оқиғаларға қатысты 31 томдық жинақ шығарған. 250-ден астам ғалымның 150-і құпия дерек көздерін зерттеуге мүмкіндік алды. Жұмыс барысында Ішкі істер министірлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура мұрағатынан 2 млн. 400 мың құжат табылған. Алайда, зерттеушілердің айтуынша, ресми деректерде жазылғанның бірі шындық болса, енді бірі ақиқатқа жанаспайды. Сондықтан да, тарихшылар елдімекендерді аралап, ұлы зұлмат орнаған жылдардың куәгерлерін табуға тырысып жүр.
СНХ: МАҚСАТ АЛПЫСБЕС, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Біз сонау 2006-2007 жылдары осы Шортанды ауданының аумағында жүрген этнографиялық тарихи экспедиция нәтижесінде ондаған қариялардың аузынан түрлі әңгімелерді жазып алдық. Соның ішінде Әубәкір ақсақалдың 30-шы жылдардағы Үкіметтің жүргізген қиянат саясаты қандай болғандығын сипаттап жазған естеліктері құнды. Көптеген қария, оның ішінде біздің сол замандағы аталдарымыз бен әжелеріміз қорқып, сол үрейменен, сол жылдарда тарихи оқиғаларды айтуға дәті батпады. Бірақ 80-90-ға таяған үлкен ақсақалдар осы шындығымызды көрге алып кетпейік деп айтып отырды.
РКС: Бұл тарихи оқиғалар отандық қана емес, шетелдік ғалымдардың да қызығушылығын оятқан. Марта Брил Олкотт, Сара Кэмерон сынды американдық тарихшылар қазақ өлкесінде жүргізілген озбырлық саясаты жөнінде бірталай ғылыми еңбек жазып, қазақстандық зерттеушілермен иық тіресіп жұмыс жүргізіп келеді. Конференцияда «Қазақстан тарихындағы Филипп Голощекин жүргізген саясат және оның қазақ халқына тигізген ауыр зардаптары» атты диссертациясын баяндаған докторант Саят Нәбиев осы деректерге сүйене отырып, тың ақпарат ұсынды.
СНХ: САЯТ НӘБИЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Голощекиннің жүргізген «Кіші қазан» реформасы ойластырылмаған, жүйесіз жүргізілген реформа болды. Соның кесірінен қазақтың мыңдаған ауылдары жойылып кетті. Қаншама қазақ халқы қырғынға ұшырады, ашаршылыққа ұшырады. Қаншама қазақтың зиялы интелегенциясы сол кезде қуғынддалып ату жазасына ұшырағанын біз білеміз. Біз бұл тарихтан сабақ алуымыз керек. Және осы тәуелсіздік кезеңінде ғалымдардың басты міндеті сол өткен нәубетті нақты тарихи құжатпен, архивтерм ен жұмыс жасап, халыққа жеткізе білу өте маңызды.
РКС: Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 100 мыңнан астам азамат сотталып кетті. Оның 25 мыңы ату жазасына кесілген. Қазақ жерінде 11 жазалау лагері құрылып, жазықсыз жандар мен олардың отбасы мүшелері адам төзгісіз қияметті басынан өткерді. Сол лагерлердің бірі «АЛЖИР». Іс-шара қатысушылары аруақтардың рухына тағзым етіп, мемориал тақтасына гүл шоқтарын қойды.
ИНТЕРШУМ: гүл шоқтарын қою рәсімі
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ