ДИКТОР: «Алаш руханиятындағы Мағжанның орны мен қызметі». Дәл осындай атаумен философ, педагог, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған республикалық конференция өтті. Оған еліміздің алыс-жақын өңірлерінен келген ғалымдар, әдебиетшілер мен тарихшылар және зиялы қауым өкілдері қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармалары жайлы баяндама жасады.
ИНТЕРШУМ: пролог, Мен жастарға сенемін
РКС: Тарихшылардың айтуынша, Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға Мағжан Жұмабаевтың бейнесі әлі толығымен зерттелмеген.Осыған дейін ұлт зиялысы туралы тың деректер аудан орталықтарында жүйелі түрде іздестірілген жоқ.Соңғы жылдары, мағжантанушылар Ресейдегі «Қуғын-сүргін құрбандар» жайлы жасырын құжаттарды толықтай аша алмаған. Зиялы қауым өкілдері оның шығармаларын ағылшын,француз тілінде аудару жөніндегі ұсыныстарын айтты.
СНХ: МАРАТ ӘБСЕМЕТОВ, ҚР КӨРКЕМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Мағжан Жұмабаетың дүниелері телегей теңіз. Біразы архивте жатыр. Соңғы жылдары біраз кітаптар шықты. Көшенің атауы беріліп,конференциялар өтіп жатыр. Бірақ әлі күнге ұлы ақынды насихаттау жұмыстары әлі де баяу. Өткен ғасырдың өзінде шығармалары түрік тіліне көп аударылды. Мағжан деген ақынымыз әлемдік деңгейдегі ақын.Ұлы ақынымыз.Оны бүкіл әлем тануы тиіс. Осы конференция талай адамға ой салады,дем береді.
РКС:Конференцияға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов қатысып, ақын жайлы тың деректермен бөлісті. Шараның 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өтіп жатқаны кездейсоқ емес деп атап өтті.
СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі конференция біз үшін абыройлы,жас ұрпақ үшін тәлімдік маңызы зор шаралардың бірі. Өйткені дарынды ақынның қызметі мен өмірімізбен тығыз байланысты. Атап айтқанда, ақын Алаш партиясының Ақмола облыстық мүшесі 1919-1923 Ақмола губерниялық газетінде, 1923 жылы Бурабай ауданында ағартушылық қызмет атқарып халықты ағарту ісіне белсенді араласты.
РКС: Былтыр «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев туралы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясын түсірген. Онда Алаш арысының өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертеді.Сериалда бас кейіпкер Мағжанның рөлін Мейірғат Амангелдин сомдады.
СНХ: МЕЙІРҒАТ АМАНГЕЛДИН, ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТЕРІ: Мағжан атамыздың рөлін сомдау үлкен жүк.Жауапкершілік. Ол кісінің өзіндік бір бейнесі бар. Осы кинода Мағжан атамызды сомдағанда менде алаш қайраткерлері осы кісілерге деген махаббатым күшейе түсті. Жүрген жерімізде осы алаштықтар жайлы үнемі атып,ізденіп білімімді толықтырып жүремін. Алаш қайраткерлері жайлы ақпараттар толық зерттелмеген.
РКС: Конференцияда ақынның кітаптары мен жинақтары қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Алыс-жақыннан келгендерге қолжазбалары таныстырылды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ