ДИКТОР: Әлем халқының қажеттілігі қаншалықты қамтамасыз етіліп отырғаны жайлы зерттеу жарияланды. Бұл рейтингке қатысқан 170 елдің ішінде Қазақстан 69-орында. Бұл деректердің ерекшелігі - ол елдің жалпы ішкі өніміне негізделмеген. Оның орнына зерттеу 52 индикаторды қамтиды және оларды тең салмақ бере отырып, үш санатқа бөледі. Мемлекет тарапынан өз азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік әл-ауқат деңгейін есептейтін халықаралық рейтингте Қазақстан 170 елдің ішінде 69-шы орынды иеленді. Айта кетейік Қазақстанның көрсеткіші Беларусь пен Ресейден төмен. Көршілес елдер арасынан Қырғызстан 91, Өзбекстан 102, Әзербайжан 108, Түрікменстан 116, Тәжікстан 132-орында. Жалпы халықаралық рейтингте Швейцария көш бастап тұр, одан кейін Норвегия мен Дания үздік үштікке кірген. Алғашқы ондықта сондай-ақ Исландия, Германия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Канада және Австрия бар.