ДИКТОР: Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа киім үлгісі таныстырылды. Жаңа форма Еуропа футбол қауымдастығының қолдауымен арнайы бағдарлама аясында тігілді. Былтыр УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы арасында келісім жасалған. Жаңа жейде көк, сары және қара түсті болып бөлінген. Сары жейде елдегі матчта киіледі, көк сырт алаңдағы ойындарға арналған. Қара түсті жейде қосымша ретінде тігілген. Жаңа форманың дизайнын отандық компания жасаған. Шетелдік мамандар да киім тігу ісіне араласыпты. Қазақ халқының болмысын бейнелейтін ұлттық белгілерді таңдауда жанкүйерлердің пікірі ескерілген, - дейді мамандар. Жаңа жейденің дизайны көпшіліктің дауыс беруімен анықталды. Қазақстан құрамасының футболшылары жаңа форманы маусым айында киеді. Ұлттық құрама құрлық біріншілігіне іріктеу турнирі аясында Сан-Марино және Солтүстік Ирландиямен ойнайды.