ДИКТОР: Лондонда Билли Джин Кинг кубогі финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл командалық әлем чемпионаты. Қазақстандық құрама В тобында Билли Джин Кинг кубогін жеті рет ұтқан Австралиямен және Словениямен ойнайды. Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырады. Одан соң жартылай финалға жолдама алады. Еске сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы сәуірде өткен іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған еді. Енді Испанияның Севилья қаласында 7-12 қарашада өтетін финалдық додада 12 команда бақ сынайды.