ДИКТОР: Сандықтау ауданының тұрғындары 4 күн сусыз отыр. Әзірге тіршілік нәрі күніне бірнеше сағат қана берілуде. Бірақ, жұмысбасты халық оның өзін уақытылы ала алмай отырғандарына наразы. Аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков жаз мезгілінде суға сұраныстың арта түсетінін айты. Сондықтан көп ретте кейбір сорғылар шыдамайды. Қазіргі уақытта су ағынының қуатын арттыру үшін жаңа сорғы ауыстырылып, орнатылуда. Сондай-ақ әкім ертең бұл мәселе толыңымен шешілетініне сендіріп отыр.

СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл келеңсіздік Ленин-Абай көшесінің бойында орын алды. Бұл жерде құбыр жарылған. Коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеді. Төменгі көшелердің кейбірінде су арасында келіп тұрды. Ортаңғы көшелерде тіршілік нәрінен проблема жоқ. Тек осы көшенің жоғарғы бөлігіне шынымен су жетпеді. Түннен қалмай жағдай реттеледі деген ойдамыз.