ДИКТОР: АҚШ-тың Гуам аралдарына «Мавар» дауылы соғып, аралдың астан-кестеңі шықты. Сағатына 225 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштар сынды. Тіпті электр бағаналары да құлаған. Салдарынан аралдағы кей аудандар жарықсыз қалды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір дауылдан келген шығын көлемі анықталып жатыр.