ДИКТОР: Қазақстан азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат берілген. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінде қарастырылған. Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, меншік құқығын растау, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып, жолаушылар кеден декларациясын өз қолымен толтырады. Одан соң кедендік рәсімдеуден өту үшін кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады. Сонымен бірге декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес. Бұл ретте азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе сол елдің тұрғылықты жері бар тұлғаларына иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынады.