ДИКТОР: Жол-құрылыс материалдарының сапасы мен оның негіздерін зертханада тексеруге сұраныс біршама артқан. Жыл басынан бері жол саласындағы ұйымдардың өтінімі негізінде 199 сынама зерттеуден өткен. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 2 есе көп. Зертхана жол ғылымының маңызды бөлігі саналады. Осы ретте автомобиль жолдарының сапасы, ең алдымен, нақты учаскелерде қолданылатын құрылыс материалдары мен технологияларға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта «Қазжол ғылыми-зерттеу институтының» зертханалары түрлі жол-құрылыс материалдары мен технологияларын сынақтан өткізіп жатыр. Аталған қосындылар қысым мен климаттық жағдайлардың әсерінен сапасы мен тұрақтылық сынды қасиеттері бойынша тексеріледі. Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын құру шеңберінде Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының зертханасы жыл басынан бері отандық карьерлерден алынған сынамалар мен материалдарды зерттеуде. Бүгінге дейін 151 жол-құрылыс материалын сынақтан өткізген.