ДИКТОР: Мәскеуде ІІ Еуразиялық экономикалық форум басталды. Оған әлемнің 50-ден астам елінің өкілі қатысуда. Форумның мақсаты – еуразиялық кеңестіктегі кооперациялық байланыстарды жетілдіру. Ал іскерлік іс-шараның негізгі тақырыбы бизнес тарапының Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерге қатысты ең өзекті әрі сұранысқа ие мәселелері болмақ. ЕЭФ-тің басты оқиғасы Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін жалпы отырыс болмақ. Форумға билік органдарының, бизнес қоғамдастықтардың халықаралық ұйымдар мен БАҚ-тың 2 700-ден астам өкілі қатысады деп жоспарланған. Мұнан бөлек, форумның іс-шараларына еуразиялық «бестік» өілдерінен бөлек Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Өзбекстан, Никарагуа, Венесуэла, Индонезиядан спикерлер қатысады. Форум 25 мамыр күні Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер көшбасшыларының қатысуымен өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысына орайластырылып отыр.