ДИКТОР: Біржан Сал ауданындағы Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебінде қазақ күресі үйірмесінің жұмыс істей бастағанына біраз жыл болды. Осы мерзімде ауыл балуандары түрлі жарыстарға қатысып жүлдегер және жеңімпаз атанып жүр.

РКС: Ауыл балаларының физикалық дайындығы қора-қопсыны тазалап, малға жем-шөп беру кезінде арта түсетіні айдан анық. Соның дәлеліндей, Сәуле ауылының ұл-қыздары спорттың сан түрімен айналыса бастағалы көрініс тапты,- дейді мектеп директоры Марал Сайранқызы. Боз кілемде ақ тер, көк тер болып жаттыққан өрендер әрбір жарыс сайын шындалып келеді.

СНХ: СӘКЕН ШАЙКЕНОВ, ҰСТАЗ БАПКЕР: Біз аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы болып саналамыз. Қазақ күресімен тұрақты айналысатын мектеп оқушыларын негізінен солар қаржыландырады. Соңғы жылдары Қайрат Мейрам, Балтабай Керемеков, Мұрат Оспанов сияқты шәкірттерім аудан чемпионы атанып, облыстық жарыста жүлдегер болды. Алда бізді көптеген белдесулер күтуде. Соған дайындық жасап жатырмыз.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ауыл балуандарының арманы асқақ

РКС: Жаттығу кезінде шәкірттер қазақ күресінің айла тәсілдерін үйреніп, боз кілем үстінде өздерін шыңдап жатты.

СНХ: ЖАНДОС САҒЫНБАЙ, БАЛУАН: Мен күреспен бірнеше жыл айналысып жүрмін. Жаттығуды босатпаймын. Сондықтан әр жарыс сайын жеңіске жетіп келемін. Бапкерім ұлттық күрестің қыр-сырын жалықпай үйретеді.

СНХ: ӘЛІШЕР КЕНЖЕТАЙ, БАЛУАН: Ұлттық спорт оның ішінде қазақ күресі елімізде дамып келеді. Соның айқын айғағындай соңғы жылдары біздің Сәуле ауылынанда талай балуандар қанат қақты. Менде солардың қатарынан көрінсем деп армандаймын!

РКС: Сәуле ауылының балуандары жарыстарға шиі шығып тұрады. Бұл күндері олар Степногорск қаласында өтетін турнирге тыңылықты дайындық жасап жатыр.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ