ДИКТОР: «Ақ түн» деп аталатын мұздатылған десерт – бьякуьяның құны қазіргі уақытта 880 мың иен немесе 6380 долларға тең. Гиннестің рекордтар кітабына бұл балмұздақ әлемдегі ең қымбат тәтті ретінде енгізілген. Десерт қоспаларының бірі – ақ трюфель. Ол Италияның Альба қаласында өндіріледі, бір келісі 2 млн иен немесе 14500 долларға дейін бағаланады. Балмұздақтың беті жеуге болатын «алтын» жапырақтармен, ірімшіктің екі түрімен және «Сакекасумен» - сакені дайындау процесі кезінде алынатын паста тәрізді қоспамен безендіріледі. Cellato компаниясының өкілі десерттің құрамын ойлап шығаруға 1,5 жыл кеткенін айтқан. Мұндағы миссия дәмді қымбат десерт дайындау ғана емес, сондай-ақ аспаздық саяхат. Яғни еуропалық қоспаларды дәстүрлі жапон тағамдарымен үйлестіру. Десертті Жапонияда сатып алуға болады.