ДИКТОР: Гайанада 19 бала қаза тапқан жатақханадағы өртті оқушы ұйымдастырған болуы мүмкін. Ол өртті жатақхана коменданты мен мұғалімі оның ұялы телефонын алып қойғаннан кейін қойды деген күдік бар. Патологоанатомның қорытындысына сәйкес, 6 адам түтіннен уланған және күйік шалып қаза тапты. 13 адамның мәйіті Гайананың астанасы Джорджтаунға сараптамаға жіберілді. 30 бала ауруханаға жатқызылған. Ел президенті Ирфаан Али үш күнге аза тұту жариялады. Ол Махди ауруханасындағы балаларға барып, қаза тапқандардың ата-анасымен кездесті. Еске салайық, Махди қаласындағы орта мектеп жатақханасында өрт дүйсенбі күні түнде, балалар ұйықтап жатқанда шыққан. Сол кезде ғимаратта 57 оқушы болған. Гайана – Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы мемлекет. Ол Венесуэла мен Суринам арасында орналасқан.