ДИКТОР: Ақмола облысында жыл басынан бері өндірісте 9 жазатайым жағдай тіркелді. Салдарынан 1 адам қайтыс болса, 10-ы түрлі дене жарақатын алған. Жалпы өндіріс ошақтарындағы қауіпсіздік шаралары қалай сақталуда? Толығырақ әірптесім Ақмарал Құсайынова айтады.

РКС: Жыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалар саны өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға азайған. Зардап шеккендердің көбі энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік саласында байқалады, - дейді сала мамандары.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жазатайым оқиғалардың туындау себептері: жұмыс өндірісін тиісті деңгейде ұйымдастырмау, жәбірленушінің өрескел абайсыздығы, қауіпсіз еңбек тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер және ақауы бар машиналарды, техникалар мен жабдықтарды пайдалану болып отыр.

РКС: Қызмет барысындағы оқыс оқиға қарапайым кеңседе де орын алуы әбден мүмкін. Жұмыс берушілер өз тәуекелдерін барынша азайту үшін және кәсіпорын қызметкерлері жарақат алған жағдайда өтемақы алатынына сенімді болуы үшін қызметкерлерді міндетті сақтандыру қарастырылған.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру - бұл қызметкерлерді кәсіби тәуекелдерден әлеуметтік қорғаудың маңызды бөлігі. Ол жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерлерге сақтандыру төлемдеріне кепілдік береді және жұмыс берушілерді алдын алу шараларын қолдануға ынталандырады.

РКС: Өндірістегі жарақаттың алдын-алу мақсатында сала мамандары түрлі шаралар ұйымдастырады. Оның ішінде семинар, сабақтар мен қызметкерлерді аттестаттау бар. Айталық, аймақта еңбек қауіпсіздігі бойынша кеңестер құрылады деп көзделген.

АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ.