ДИКТОР: Отан қорғаушылар күні қарсаңында патриоттық рухтағы түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Солардың бірі бүгін облыс орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен өтті. Саппен жүру және ән айту байқауын көріп келген тілші бейнематериалына назар аударыңыздар.
ИНТЕРШУМ: саптық әннен үзінді
РКС: Мәні мен сәні жарасқан байқауда студенттер Тәуелсіздік алаңында салтанатты маршпен өтіп, саптық әндерді орындады. Жыл сайынғы ұйымдастырылатын байқауға биыл 400-ден астам білім алушы қатысты. Патриоттық рух беретін шарада әр өңірден жиналған 20 команда бақ сынады. Мұнда ер азаматтардан бөлек, нәзік жандылар белсенді қатысып жатыр.
СНХ: ЗАРИНА ҚАБИДУЛОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ «ТОМИРИС» РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Біз былтырғы болған Талғат Бигелдиновтың 100 болған сап және әндер байқауында бірінші орынды иеленгенбіз.Осы жылы байқауда өзіміздің бағымызды сынауға келдік. Осындай сайыстар ұлтжандылыққа,парасаттылыққа тәрбиелейміз.
СНХ:ДИАНА ЖҰМАҒҰЛОВА, «АРНА» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен бұл байқауға алғаш рет қатысып тұрмын. Біз бұл жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Бүгін үздіктер қатарынан көрінеміз деп сенемін.
РКС: Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігіне, сапта тұруына, марштық қадамын дұрыс жасауына және киімнің сәйкестігіне қарай баға берді. Студенттердің бойында әскери тәртіпті қалыптастырып, елге қорған болуға үндейтін мұндай сайысты жыл сайын ұйымдастыру көзделуде.
СНХ:ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Негізгі мақсат жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік сезімді дамыту, әскери-патриоттық клубтардағы жұмыстарды жандандыру. Осындай шаралардың өтуі жастарға рухани тәрбие беріп, отансүйгіштікке баулуды.
РКС: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңіпаздарды салтанатты түрде 5 мамыр күні облыс әкімі Ермек Маржықпаев марапаттайды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ