ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Степногорск қаласының халқымен кездесті. Облыс бойынша қалдықтарды бақылау инфрақұрылымы әлсіз дамыған. Бұл басты проблема. Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының нормаға сәйкес келмейді. Оған рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастайтын орындардың көбеюін қосыңыз. Тұрғындар экология мәселелеріне қатысты көкейтесті сұрақтарын министрге тікелей қоюға мүмкіндік алды.

РКС: Ведомство басшысы халықпен, қоғам белсенділерімен кездесті. Ақсу кентінің тұрғыны Қадиша Бекенова елдімекен аумағында орналасқан кәсіпорын айналаны қалдық қоймасына айналдырғанына наразы. Экологиялық ахуал жақсарсе екен деген тілекпен келген кездесуге. Бұдан бөлек, өзі тұратын үйдің дәл сыртында орталық кәріз жүйесі орналасқанын айтып отыр.

СНХ: ҚАДИША БЕКЕНОВА, АҚСУ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Комиссия келіп бәрін тексерсе екен деймін. Қалдық қоймасының өлшемін алып кетті. Біздің үйден құбырға дейінгі аралық 300 метр. Сәулет бөлімі келіп, біздің үйден жақын бөгетке дейінгі аралықты өлшеді, 158 метр. Ал қазір даулы мәселе туындап отыр. Біз қазір санитарлық қорғау аумағында тұрып жатырмыз.

РКС: Бұл сұраққа облыстық экология департаментінің басшылығы жауап берді. Өңірлердің экологиялық мәселелелрін жақсарту жөніндегі жол картасының жоспарына енгізілгенін мәлімдеді.

СНХ: ҚАДЫРХАН БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: "Аксу technology" үйлерді көшіру процесін қазір жалғастырып жатыр олар. Бізге өткенде письменно жазды 114 үй бар деді.

РКС: Министр аталған мәселені шешу үшін экологиялық реттеу және бақылау комитетінен комиссия жіберетінін хабарлады. Негізінен қоршаған ортаны көп мөлшерде ластайтын қалдықтарды шығару, Селеті өзенінің жағалауында мал жаю мәселелері көтерілді. Сонымен қатар су ағыны арнасының өзгеруі, табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарына қатысты сауалдар да кездесу барысында қойылды. Облыс бойынша бей-берекет жерде қоқыс үйінділерінің көбеюі күрделі мәселеген айналған. Қоғам белсенділері осыған алаңдаулы.

СНХ: ЗҮЛФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: Жүйені реттеу мәселесіне келсек, жыл сайын ондай жерлерді үнемі жинай алмаймыз, ол дұрыс емес. Ең бастысы ластамауды үйренуіміз қажет деп есептеймін. Тазалай бергеннен не пайда? Экологиялық мәдениетті сақтау керек. Мұндай мәселе неге туындап отыр? Оның астарына үңіліп көрейікші. Біріншіден құрылыс қалдықтары үшін, құрылыс полигондары жетіспейді. Екіншіден, құрылыс компанияларының жауапсыздығы. Олардың тарапынан құрылыс қалдықтарын өңдеуге қатысты жұмыс жүргізілмейді. Үшіншіден, бүгінгі күні өкінішке орай ол норма алынып тасталды. Оны қазір пысықтап, заңнамалық тұрғыдан қарастыру қажет. Біз оны қала құрылысы кодексі аясында жасауды ұсынып отырмыз.

РКС: Бүгінде өңірде қалдықтарды басқару бойынша небәрі 25 кәсіпорын ғана жұмыс істейді. Еліміз бойынша олардың саны 768. Облыс бойынша жол картасында экологиялық мәселелерді шешу мақсатында 30-ға тарта іс-шара жүргізу қарастырылған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.