ДИКТОР: Айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айы аяқталды. Отыз күн ораза тұтқан жандармен бірге күллі мұсылман қауым бүгін айт мерекесін тойлап жатыр. Ораза айты мерекесіне орай Сәкен Сейфулин ауылында ұлтық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Асық ату», «Бұқа тартыс», «Ақ сандық-көк сандық», «Турникте тартылу» сияқты ойындарға ауыл жұртшылығы түлег белсене қатысты.

ИНТЕРШУМ: жарыс барысынан көріністер музыкамен

РКС: Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мерекені бүгін 400-ден астам тұрғыны бар Сәкен Сейфулин ауылы да бар сән-салтанатымен, ерекше форматта атап өтті.

СНХ: АБАЙ ЖҮСІПӘЛИН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауылымыздың барлық адамы жиналып, міне көңілдері жақсы, сол міне бала шаға, үлкендерде келіп осы тойға қатысып отыр. Сол міне ұйымдастырып отырған өз ауылымыздың жастары, сол міне жастарымыз жақсы біздің көп жастарымыз иманшылыққа бет бұрып жатыр.

РКС: Жарыс алдымен 600 метр қашықтыққа жүгіруден басталды. 20-ға жуық бала бұл спорттық жарысқа әбден дайындалыпты. Мәреге сызығына бірінші болып жеткен Мақсат Мұтағара өзінің әсерімен бөлісті.

СНХ: МАҚСАТ МҰТАҒАРА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бүгінгі ораза айы құтты болсын! Осы мен 600 метр жүгіруден бірінші келдім. Басында қиын болды жүгіріп келе жатқанда демім жетпей. Сосын ақырында өзімді қолға алып бірінші келдім.

РКС: Қыздар арасында «Бес асық» ойыны өтсе, ерлер «Асық ату», «Жамбы ату», «5 шақырым арақашықтыққа жүгіруден өзара бақ сынасты. Сонымен қатар қыздар арасында «Оқтау тартыс » ойынының куәгері болдық. Қызыққа толы бұл ойынды ел тамсана тамашалады.

СНХ: ТОРҒЫН ЖҮСІПӘЛИНА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бәріңізге бүгінгі айт мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға құт береке әкелсін. Бұл деген ойлап жатсаң жақсы, біздің ауылда жақсы іс-шара болып жатыр. Өзіміздің айтымызды ұлықтап, кейінгі буын жастарға үлгі өнеге болып осындай игі іс болып жатыр біздің ауылда. Соған өте қуаныштымыз. Сәкен Сейфулин айтқандай «Тіл байлығы-ұлт байлығы» демекші, өзіміздің дәстүрімізді, тәрбиемізді жас буынға насихаттап үлгі –өнеге болып жүре берейік.01:02

РКС: Жарысқа қатысып, жеңіске жеткен жеңімпаздар олжалы қайтты. Әрқайсысы бір-бір сыйлықтан құшақтап кетті. Мереке соңында ауыл тұрғындары дастарқан басына жиналып, оразай айт мерекесіне жайылған дәмнен ауыз тиіп, мәре-сәре болып тарқасты.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.