ДИКТОР: Облыста алғаш рет «Фиджитал спорт» турнирі өткізілді. Өскелең ұрпаққа арналған болашақтың ойыны деп те атайды. Ойын киберспорт пен классикалық спорт түрлерін біріктіреді. Сайысқа жас 13-тен төменгі буын қатысып, бақтарын сынады. Турнирге Болашақ Сарайы мен ІТ-мектептен жасақталған командалар қатысты.
ИНТЕРШУМ: турнирдің ашылуынан көрініс
РКС: 2020 жылы Еуропадан бастау алған фиджитал ойындары соңғы жылдары Қазақстанның барлық аумағында дамып келеді. Ақмола облысында «Фиджитал спорттың» футбол санатында алғашқы ойын бастау алды.
СНХ: МАРАТ ЫБЫРАЕВ, ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Менің ойымша, спорттың бұл түрі өте тартымды. Жасөспірімнің бірден 3 бағытта дамуына мүмкіндік береді. Осы орайда ата-аналар тарапынан зор қолдау болады деген сенімдемін. Спорт бұл түрі кеңінен тарап, дамыса, одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Сондықтан ортақ іске баршамыз үлес қосуымыз қажет.
РКС: Матч интерактивті және шағын футбол сынды екі кезеңнен тұрады. Ойынның алғашқы бөлімінде командалар FIFA 2023 түрін ойнады, әр кезеңнің ұзақтығы – 10 минут. Әр командада 4 спортшыдан жасақталған. Қосымша бір ойыншы болады. Әр таймда әр командадан 2 спортшыдан қатысуы тиіс. Турнирде «Арман», «Елім-ай», «IT» командалары жақсы ойын өрнегін көрсете білді.
СНХ: АЙТБЕК ОСМАНҒАЛИ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Бізді қатыстырып, көмектесіп жатқанына бапкерімізге үлкен алғыс. Фиджитал футбол ол адамның өзіне жақсы деп ойлаймын. Өйткені, бір жағынан компьютерлік ойын ойнайсын және де +скл00:55+физический футбол ойнауға болады.
СНХ: АБЫЛАЙ ШӘМЕНОВ, БАПКЕР: Фиджитал футболы қазіргі аити технологиялық болғасын, шынайы футболмен араластырған өте пайдалы. Бірінші, ой қабілетін дамытады және алаңдағы ойынмен екеуінің технологиялық, тактикалық тәсілдерін қолдануға мүмкіншіліктері көп. Яғни білім алушыларды жан-жақты дамытуға үлкен үлес қосады.
РКС: 10:1 есебімен Болашақ Сарайының «Арман» командасы суырылып алға шықты. Екінші жүлде де болашақ сарайының командасына бұйырды. ІТ-мектептің құрамасы сайыстың қола жүлдегері атанды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.