ДИКТОР: Жақсы ауданында Есіл өзеніне жағалауынан 200 метр жерде орналасқан Жаңа Қима ауылын су басып кетуі ықтимал. Елдімекендегі 677 үйдің 12-сі қауіпті аймақта қалып отыр.
РКС: Осыдан үш жыл бұрын биіктігі 2 метр. Ені 300 метр болатын су тоғанын нығайту жұмыстары жүргізілген. Бұған дейін аудан бойынша тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыс нысандарын су басуға жол берілген жоқ.
СНХ: БАХТИЯР ҚАСЕНОВ, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біраз жұмыс жүргізілді. Елді мекендерден 22 мың текше метрден астам қар шығарылды. 150 тонна инертті материал, 1500 дана қап, 6 тонна дизель отыны мен 2 тонна бензин қоры дайындалды. Су тасқыны орын ала қалған жағдайда халықты жедел көшіру үшін эвакуациялық 12 пункт те дайын тұр.
РКС: Төтенше жағдайдың алдын алуға және оның салдарын жоюға жергілікті қазынадан 3 миллион теңге қарастырылған. Ауданның аумағынан 80 шақырым теміржол, 400 шақырымнан астам автокөлік жолы өтеді. Теміржолдарда су өткізетін 26 құбыр мен 9 көпір бар. Елдімекендер бойынша 900-ден астам аула бақылауға алынып, 3 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі тексерілді. Күн сайын гидротехникалық құрылғылардың жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ