ДИКТОР: Қытайдағы машина жасау саласындағы ірі өндіруші YTO Group Corporation компаниясының өкілдері Көкшетаудағы «KazrostEngineering» серістестігіне ресми сапармен келді. Кездесу барысында «аспан асты» делегациясы кәсіпорынды аралап, зауыттың өндірістік қуатымен танысты. Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
РСК: YTO Group Corporation - бүкіл әлемге танымал бренд. Компанияның негізгі өнімдеріне доңғалақты тракторлар, шынжыр табанды тракторлар, комбайндар, аспалы және тіркемелі жабдықтар кіреді. Олар 100-ден аса елге саудаланады. Қытай делегациясының басты мақсаты - машина жасау саласында «KazrostEngineering» серіктестігімен арасындағы ынтымақтастықты тереңдету. Компания директоры Қайрат Қалманбаев Қытай делегациясымен келісімге қол қою серіктестік үшін үлкен қадам екенін атап өтті.
ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: «KazrostEngineering» зауытында тракторларды өндіру 50 жаңа жұмыс орнын құруға, әртүрлі қуаттағы 2000 дана трактор шығаруға мүмкіндік береді.
СНХ: ҚАЙРАТ ҚАЛМАНБАЕВ – «KAZROST ENGINEERING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстан Республикасында осы бұйымдарды оқшаулау бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Бүгін біз өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқыладық, бұл біздің өңірде қосымша жұмыс орындарын құруға, біздің қызметкерлердің құзыретін арттыруға мүмкіндік береді. Біз жұмысшыларымызды Қытайда оқыту мүмкіндігі туралы келістік.
РСК: Қытай елінде алған білімдерінің арқасында қазақстандық мамандар отандық шаруалар үшін сапалы қызмет көрсете алады. Бұдан басқа, «Kazrost Engineering» компаниясы толыққанды YTO International трактор өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Кездесу барысында екі тарап өздерінің өндірістік қуаттылықтарымен таныстырып өтті және ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сапардың қорытындысы екі компания, сондай-ақ, қытай техникасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы «Агротехменеджмент» серіктестігі арасындағы үшжақты келісімге қол қою болды.
ИНТЕРШУМ: келісімге қол қою
СНХ: ЛЮ ПЕЙ – «YTO GROUP CORPORATION» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасы үшін болашағы зор нарық. Бірінші кезекте, біз диқандармен кездессек деп едік. Қандай технологияларды қолданатынын және біздің техниканы қалай пайдаланатынын білу үшін. Сондай-ақ, біз пікір жинауды жоспарлап отырмыз, бұл бізге тракторларды жақсартуға мүмкіндік береді.
РСК: Келісім жобасы «KazrostEngineering» жеке компания зауытының базасында YTO брендімен тракторлардың екі моделін одан әрі өндіруді, кейіннен оқшауланған өнімдерді ұлғайтуды қарастырады. Жалпы, тараптар келіссөздер оң әрі жемісті өткенін атап өтті. Өздігінен жүретін техника мен тракторлар, сондай-ақ шығарылатын басқа да өнім атаулары және YTO брендін дамыту сұрақтары көтерілді. Өз кезегінде, «Агротехменеджмент» дистрибьюторы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сұранысын орындау бағытында жұмыстарды жалғастырмақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ