ДИКТОР: «Бейбітшілік» шағын ауданының тұрғындары әлеуметтік мәселелерін айтып, шағымданып отыр. 2 мыңға жуық тұрғыны бар бұл аумақта инфрақұрылымдық жағдай жасалмаған. Әкімдіктің табалдырығын тоздырып, қанша жерге хат жолданғанымен, еш өзгеріс байқалмайтынына қынжылады тұрғындар.
STAND-UP: ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ТІЛШІ: Ойық-ойық жол, қаз-қатар тізілген жарығы жоқ бағандар, кәріз желілері мен орталық жылу беру трассалары жоқ. Бұл мәселенің бәрі «Бейбітшілік» шағын ауданы тұрғындарының зарына айналған. Қыста жолдарды қалың қар алып қалады. Ал көктем мен күз айларында көшелерді батпақ аралас су шайып кетеді.
СНХ: ӘУЕЗХАН РЫСБАЕВ, «БЕЙБІТШІЛІК» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қыстың күні, көктем, күзде жүру мүмкін емес. Не қар тазаланбайды. Бәрін көршілермен өзіміз істейміз. Жолды да өзіміз істедік. Қоқыс әкетілмейді, оны да өзіміз реттейміз. Орталық кәріс желілері жоқ. Не маршрут жоқ. Үшінші маршрутты міне қазақ педагогикалық колледж жақтағы жақын осы шағын ауданға. Оны осы жаққа жүргізсе, жақсы болар еді. Көп тұрғын жаяу жүреді. Мектепке, балабақшаға барады. Ит көп. Кешкісін қараңғы. Сондай мәселелер көп.
СНХ: ӘЛИ ЖҮСІПОВ, «БЕЙБІТШІЛІК» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жол жоқ. Бүкіл жер батпақ болады. Жаңбыр жауған күндері балалар жүре алмайды. Мектеп мына жақта орналасқан. Автобустың бағыты айдалада. Зерендінің трассасына жақын жүреді. Бәрі бұл автобусты бір жарым сағат тосып, мектепке жету үшін 2 сағаттай уақытын жоғалтады. Бізде тіпті орталық көше жоқ. Әкімшілікпен ұзақ уақыт бойы келісе алмай келеміз. Тұрғындар жиналып, мән-жайды түсіндіріп, бірнеше рет хат та жолдаған. Бірақ ештеңе шешіліп жатқан жоқ. Кем дегенде орталық көше болса екен, автобус жүретіндей.
РКС: Демещенко, Боговидский, Балуан Шолақ, Мерей, Королев, Космонавтар және Куница көшелерінің қазіргі күйі осы. Ешқандай әлеуметтік жағдай жасалмаған. Онымен қоса, шағын ауданның аумағына қоқыс тастап, әкімшілік жауапкершілікке тартылмай жүрген кәсіпорындар да бар. Жағдайдың тұрақталуын сарғая күткен жұрт балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр.
СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазір «Бейбітшілік» шағын ауданында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері Қажымұқан, Рахимов және Нұрпейісов көшелеріне асфальт төсеп, тратуар салуды бастадық. Сондай-ақ, су бұру арналары да салынбақ. Үш көшені биыл аяқтаймыз. Қоқыс мәселесіне келсек, біз қаланы 4 учаскеге бөліп конкурс өткіздік, «Экогрупп» серіктестігімен келісім-шарт жасастық. Қараңыз, бұл автобус бағыты жергілікті тұрғындармен келісілген. Қала әкімімен бірнеше рет кездестік. Осы учаскелерді аралап шықтық. Қыста автобус Қостанай трассасымен жүрсе, жазда бұрынғы маршрутпен жүреді. Мен тұрғындармен кездесіп, сөйлесуге дайынмын. Күні мен уақытын нақтыласаңыздар болғаны.
РКС: Бейбітшілік шағын ауданында жол салынбағандықтан, жедел жәрдем көлігі келмейді екен. Тұрғындар бұл мекенге қатысты жағдайды әкімшілік бақылауға алғанын талап етіп отыр.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ