ДИКТОР: Облыста жүк көліктері мен ірі көлемді көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл шара көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтап қалуға бағытталып отыр.

РКС: Сыйымдылығы 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Ауыр жүк көліктерінің өтуін арнайы жылжымалы көліктік бақылау бекеті қадағалайды. Ол жерде нақты массаны анықтайтын мобильді таразылар тұрады.

СНХ: БОТАЖАН АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Мұндай шектеулер жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын жүзеге асыратын, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын көлік құралдарына қолданылмайды. Сонымен қатар бұл шектеулердің жолаушыларды және багажды, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтындарға, жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетіндерге, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне еш қатысы жоқ.

РКС: Ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында ауыр салмақты және ірі көлемді емес жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат алу қажеттігін айтып отыр. Ол бөлшектелмейтін немесе арнайы цистерналарда жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚАЙРАТХАН, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ірі көлемді жүктерді шамадан тыс асырмау өте маңызды. Әсіресе, қазір орташа жөндеу жұмысы жасалған учаскелерде біздің ұйым тарапынан ведомстволық сараптама жүргізіледі. Біз сметаға қажетті тасымалдауды енгіземіз. Ол төленеді, сондықтан, көлікке шамадан тыс жүк артудың қажеті жоқ. Жолды бұзатын факторлардың бірі осы.

РКС: Облыс бойынша жүктердің нақты салмағын есептейтін 4 таразы бар. Биыл тағы біреуін орнату жоспарланып отыр. Қозғалысқа шектеу 1 мамырға дейін күшінде қалады.

БАЯН ӘЗБЕРГЕНОВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ