ДИКТОР: Ақмолалық ақ халаттылар Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының мамандарымен тәжірибе алмасты.Олар медициналық жаңа әдістемелер мен технологиялар бойынша өңір дәрігерлері үшін шеберлік сағатын өткізді.
РКС: Астана мен Алматы қалаларынан келген аритмолог, пульмонолог, невропатолог пен реаниматолог дәрігерлер үш күн бойы науқастарды қабылдайды. Медицина саласында өзекті мәселелерді талқылап, күрделі операциялар жасайды. Ақ халаттылар кәсіби білімін арттыруға мүмкіндік алады.
СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Түрлі өзекті тақырыптарда лекциялар ұйымдастырылады. Ал практикалық бөлімде хирургиялық араласуымен нейрохирургия,кардиохирургия,онкология ауруларды емдеуге қаты. Дәрігерлерге медициналық жаңа әдістемелер мен технологиялар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, оны операция барысында да көрсетеді.
РКС: Іс-шараның ғылыми бөлімінде танымал невролог Гүлнара Исаканова «Неврология» тақырыбында баяндама оқыды. Дәрігер 22 жылдық тәжірибесіндегі жүйке жүйесі ауруларының таралуы, оларды емдеу және қалпына келтіру шаралары бойынша тәжірибе алмасты.
СНХ: ГҮЛНӘР ИСАКАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ OРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕВРОЛОГЫ: Бүгін мен шеберлік сабағын мигрень ауруы туралы өткіземін. Бұл бастапқы бас ауруының ең көп таралған түрі.Бұл жерде қандай тәсілдермен емдеуге болатыны туралы тәжірибеме бөлісемін. Менің негізгі мақсатым науқастарды дәлелді медицина негіздерімен емдеу.
РКС: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндері 30 наурызға дейін жалғасады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ