ДИКТОР: Кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында жас суретшілерге арналған «Наурыз мейрамы» атты байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 40-тан астам қылқалам шебері қатысып, оның 10-ы жүлделі орынға ие болды.

РКС: Іс-шараның мақсаты - ұлттық дәстүрлерді насихаттау. Байқауда балаларға көркемсурет мектебінің мұғалімі Ақмарал Сәрсенбаева төрешілік етті. Сондай-ақ, әділқазы мүшелері Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ерболат Баятұлы және суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының директоры, мүсінші Юрий Попов қатысушылардың еңбегіне баға берді.

СНХ: АҚМАРАЛ СӘРСЕНБАЕВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл байқауға қаланың колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Шығармашылық мамандықтарда оқитындар, әрине. Олар кескіндеме, графикалық, маймен салынған жұмыстарын ұсынды.

РКС: Жас таланттардың туындыларындағы әсем көрініс кімді де болсын елең еткізеді. Алайда, бұл қазылар алқасына үздік жұмысты таңдауға қиындық туғызды.

СНХ: ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біз колледждерден, жоғары оқу орындары мен мектептерден келген жас суретшілердің 50-ден астам картиналарын қарап, мұқият зерттедік. Біз талантты балалардың көптігіне ризамыз. Болашақта балалар кәсіби суретшілер болады деп сенеміз.

РКС: Байқауда Жансая Құрманова мен Айша Құдайбергенова үшінші, Галина Сундукова екінші орынды иеленді. Ал Әлия Сейітқалиева есімді қылқалам шебері жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға құрмет грамоталары мен түрлі сыйлықтар табыс етілді.

ИНТЕРШУМ: марапаттау

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.