ДИКТОР: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сайлау, саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізілгенін, «саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар» қабылданды деп атап өтті. Қазақстандағы демократияның көрінісі – халықтың Президент сайлауына, Парламент сайлауына, мәслихат депуттарын сайлауға қатысуы. Бүгін қазақстандықтар Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс депуттары мен өңірлік, аудандық, қалалық мәлихат депутаттарын сайлауға қатысып жатыр. Бұл сайлау тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы Парламент сайлауы.

РКС: Бұған дейін Қазақстан азаматтары 8 рет Мәжіліс депуттарын таңдады. Саяси сарапшылар ол сайлау Қазақстан қоғамы демократиялануының едәуір өсе түскенін көрсетті деп отыр. Мұндай сайлау Конституциялық Заңға сәйкес 4 жылда бір рет өтіп тұруы тиіс.1994 жылы наурыз айында Жоғарғы кеңес сайлауы нәтижесінде жалғыз палаталы Парламентке бір мандатты округтерден өзін-өзі ұсынған – 59, қоғамдық ұйымдардан – 75 және президенттік тізім бойынша 42 депутат бес жыл мерзімге сайланды. Алайда 1995 жылы 9 желтоқсанда Парламент Мәжілісінде сайлау қайта өтті. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. 1999 жылғы екінші сайлауға 10 саяси партия қатысты. Парламентке 5 партия мен кәсіподақтар федерациясы және 23 тәуелсіз депутат өтті. Депутаттар саны 10-ға артып 77 болды. Жалпы сайлау барысында кандидаттар саны - орта есеппен бір орынға 8 адам тіркелді. 2004 жылдың қыркүйегінде үшінші шақырылымға 5 партия түсіп, 18 тәуелсіз депутат сайланды. Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел болды. Төртінші сайлау 2007 жылдың тамызында өтті. Парламент құрамына 107 депутат сайланды. Бесінші сайлау 2012 жылғы қаңтарда өтті. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Олардың үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан аса дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті. Ал алтыншы Мәжіліс сайлауы 2016 жылы 20 наурызда өтті. Сайлауға қатысқан алты партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Мәжіліс құрамына кірді. 2021 жылы 10 қаңтарында кезекті сайлау өтіп, оған 5 саяси партия қатысты. Бүгін 9-шы Парламент сайлауы. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше. 2004-ші жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бірмандатты округтер арқылы сайланады. Үміткерлер үшін партиялар мен үкіметтік ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беріліп отыр. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 проценттен 5-ке дейін төмендетілді. Партиялар мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген графа енгізілді. Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді. Сайлаушылар бес бюллетен бойынша дауыс береді. Көппартиялы Парламент – үдемелі демократиялық жаңғыру бағытын таңдаған Тәуелсіз Қазақстанның белгісі, мызғымас Конституцияның дәлелі.