ДИКТОР: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанованың «Ән қанатындағы көктем» атты жеке ән кеші өтті. Концертте шәкірті Сәрсенбай Хасенов те өнер көрсетті. Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен түрлі туындылар орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді

РКС: Шығармашылық кештің шымылдығы Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Көңіл ашар» күйімен ашылды. Мың бұрала билеген бишілер де өнер көрсетіп, кеш көркін қыздыра түсті. Айгүл Қосанованың жанды дауыста айтқан «Ақ сұңқарым», «Туған елім-мекенім», «Жез киік», «Бәрінен де сен сұлу» әндерін көрермендерге тарту етті. Домбырамен халық әні «Жиырма бес», «Ақ кербез» туындыларын орындады. Тыңдармандарын эстрадалық әндерімен де сусындатты. Көрермен назарына бөленген әнші, кеш соңында әсерімен бөлісті.

СНХ: АЙГҮЛ ҚОСАНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Өте қуаныштымын. Сұлу Көкшенің төріне келіп, осындай керемет Наурыз ұлы мерекенің қарсаңында көрермендермен қауышып, әндерімді шырқап, сол кісілерге көңіл-күй сыйлағаныма қуаныштымын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұлыс оң болсын, жақсылық көп болсын, елімізге береке, бірлік тілеймін.

РКС: Екі сағаттан аса уақытқа созылған кеш көрерменге руxани демалыс сыйлады. Өнер иесінің әндерін тамсана тыңдағандар ыстық ықыластарын білдірді.

СНХ: ЖІБЕК ӘЛЕМОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ол дәстүрлі әнші. Керемет, жақсы ықылас ниетпен келдік. Ол кісіге зор денсаулық, өрісі кең болсын. Концерт өте жақсы өтті. Рахаттанып бір демалып қайттық. Өте жақсы болды. Қуаныштымыз.

СНХ: ЕСКЕН ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Айгүл Қосанованың концертін мен теледидардан көріп жүретін едім. Биыл сәті түсіп, Көкшетау өңіріне келген екен. Айгүл Қосанованың концертін жақсы тыңдаймын, ол кісі домбырамен де, оркестірге қосылып та жақсы айтады. Батыс Қазақстан өңірінен өзі. Дауысы жақсы, қоңыржай, дауысы маған ұнайды.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ