ДК: Бүгін энергетика саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерге мерейтойлық төсбелгі табыс етілді. Салтанатты іс-шара Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ: төсбелгі табыс ету сәті

РКС: Мерекелік жиында 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен қызметкерлер марапатталды. Оларға төсбелгімен қатар ақшалай сертификат табысталды. Энергетика саласының өрлеуіне еңбегі сіңген Сергей Мичурин. Ол 25 жыл қызмет еткен. Ол электр беру желілерінің үздіксіз және сапалы жұмысын бақылау оңай емес екендігін айтады.

СНХ: СЕРГЕЙ МИЧУРИН, САЛА АРДАГЕРІ: Кабельдік желілер осы бағытта қызмет көрсететін кабельшілердің қарамағында. Тіпті қала, көп қабатты тұрғын үйлер, жер асты желілерінің бәріне біздің бөлім жауапты. 90-шы, 2000-шы жылдары қиын қыстау уақыттарын басымыздан өткердік. Қазір жаңа басшылық келіп, бұрыннан істеп келе жатқан, өмірінің жарты ғасырын осы жұмысқа арнаған қызметшілерге назар аударып, осындай игі істер атқаруда.

РКС: Іс-шарада «Көкшетау Энерго» серіктестігінің мамандарына қызметтік көлігінің кілті табыс етілді. Темір тұлпарлар жұмыс сапасы мен ұтқырлығын арттыру мақсатында берілді. Жиында 4 көлік табыс етілді. Оның екеуі арнайы техника.

СНХ: НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, «КӨКШЕТАУЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Соның біреуі Ғабит Мүсірепов ауданына, екінші автокөлік өз қаламызға және “Соболь” автокөлігі орталық қызметінің желілік қорғаныс бөліміне бұйырып отыр. Алдағы уақытта тек қана жақсы іс-шаралар жалғасын табады деген ойдамыз. Сондай-ақ, алда алар белестеріміз, автокөліктеріміз молынан болады деп ойлаймын.

РКС: Іс-шара соңында алға қойған жоспарлар тыңдалды. Сондай-ақ, Наурыз мейрамына орайластырылған дастархан жайылды.

АИДА ХАМИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ