ДИКТОР: Өңірдегі білім беру ұйымдарында Әз-Наурыз мейрамына арналған шаралар легі басталды. №14 орта мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Білім ордасында киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

ИНТЕРШУМ: КӨРІНІСТЕН ҮЗІНДІ

РКС: Іс-шарада дүниеге келген нәрестені қырқынан шығару, тұсаукесер салтынан көріністер қойылды. Сондай-ақ, мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Жасы үлкендер тілек айтып, әр салт-дәстүрдің маңыздылығын атап өтті. Оқушылар мерекелік бағдарлама жыл сайын өзгеше өтетінін айтып отыр.

СНХ: АДЕЛЬ МЫРЗАКЕЛДІ, №14 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл мереке біздің мектепте дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бірінші, екінші аусымда оқитын балалар ұлттық киім киіп, әшекей бұйымдар тағып, іс-шараға атсалысады. Ұлттық спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы және ырымдары жайында мағұлмат беріледі.

РКС: Мерекелік кеште қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың киізден, ағаштан жасаған жұмыстары қойылды. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары да назардан тыс қалған жоқ.

СНХ: ЖІБЕК ЖАМАНТАЙ, №14 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Наурыз- ежелгі парсы тілінен аударғанда “жаңа күн” деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрамды Орталық Азияның жаңа жылы мерекесі деп те атайды. Осы күні әрбір жан ерекше киім киіп, қазанға наурыз көже пісіреді. Біз айтулы күн деп атап өтеміз. Осы себептен қазақ халқы бұл күнді “Ұлыстың ұлы күні” деп атайды.

РКС: Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар киіз үй төріне жайғасып, көже мен ақтан дәм татты.

АИДА ХАМИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ