ДИКТОР: Ақпан айында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Субсидиялау мөлшерлемесіне және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қарыздары бойынша кепілдік беру мөлшері ұлғайды. Қазір қарыз алушы үшін мөлшерлеме 8 процент.

РКС: Ұлттық жоба аясында «Даму» қоры екі бағытты іске асырып отыр. Бұл кіші және шағын кәсіпкерлікті қолдаумен қатар, кәсіпкерлерге индустриалды-инновациялық қызметте жәрдемдесу. Былтыр төленген субсидиялар мөлшері 5,5 млрд. теңге.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘЛМҰХАНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бірінші бағыт «микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау». Оның шеңберінде салалық шектеулерсіз, ең жоғары мөлшері 20 млн. теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі 3 жылға дейінгі қарыздар субсидияланады. Бұл ретте кредит бойынша мөлшерлеме Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен 7 проценттен аспауы тиіс. Бұрын қарыз алушыға соңғы мөлшерлеме 5-6 процент болған, айырмашылықты «Даму» қоры субсидиялады. Ақпан айынан бастап қор Көкшетау қаласының кәсіпкерлері үшін 15,75 проценті субсидиялайды, қарыз алушы үшін мөлшерлеме 8 процент болса, моно, шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің қарыздары бойынша 16,75 процент.

РКС: Екінші бағыт шағын және орта бизнес субъектілерін субсидиялауды және оларға кепілдік беруді көздейді. Экономиканың басым секторлары аясында кәсіпкерлерге 3 млрд. теңгеге дейін несие беріледі.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘЛМҰХАНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен 5 проценттен аспауы тиіс. Бұрын қарыз алушыға соңғы мөлшерлеме 6 процент болған, айырмашылықты «Даму» қоры субсидиялаған. 23 ақпанынан бастап қор 13,75 процентті субсидиялайды, қарыз алушы үшін мөлшерлеме 8 процентке өсті.

РКС: Өңірдегі кәсіпкерлік мемлекет тарапынан қолдау табуда. Тек бір жылдың көлемінде облыста субсидияланған жобалар саны 11 процентке өсті. Биыл субсидияға 5,8 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, жұмысы қызу жүріп жатқан кәсіпкерлердің қарыздары бойынша кепілдік беру мөлшері ұлғайтылды.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.