ДИКТОР: Елордада сәуір айында өтетін республикалық көркем және қолданбалы шығармашылық байқауында ақмолалық 7 оқушы бақ сынасады. Олар бүгінгі ұйымдастырылған сайыстың аудандық және қалалық кезеңінде туындыларын ұсынды. Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мәселен, былтыр Ақмола өңірінің 4 өнерпазы жүлделі орындарды иеленді.

РКС: Байқаудың ең кіші қатысушысы 11 жасар Владислав Рогаль. 5-сынып оқушысы конкурсқа Степногорск қаласынан келді. Владислав қоданбалы өнермен жақында айналыса бастағанымен, өнерге толық еніп кеткенін жасырмады. Балдырған ең үздік туындысын еш демалыссыз 4 күнде жасап бітірген.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ РОГАЛЬ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Аппликациямен айналыса бастадым. Маған бұл өте ұнады. Бір суретімді салып бітіруге 3 күндей уақыт қажет. Алдымен жалпы кескінін параққа салып, кейін картоннан жасап шығаруға тырысамын.

РКС: Байқау ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға және рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтарға баулуға бағытталған. 10 сынып оқушысы Әділ Айтыштың шығармашылық жұмысы соның бір дәлелі болып отыр.

СНХ: ӘДІЛ АЙТЫШ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бұл менің еңбегім, еңбегімнің аты «Қорқыт ата: Аңыздар бойынша көрініс». Өзіңіздің көргеніңіздей, Қорқыт ата мұнда өлімді жеңіп отыр. Сіз ойлап отырсыз, қалай ол жеңіп отыр өлімді. Ол оңай. Қорқыт ата қобыз ойлап тауып, өлімді жеңді. Адамның еңбегі адамнан қарағанда өлімнен де күштірек.

РКС:Байқауға 11 мен 17 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Барлық жұмыстар 7 номинацияға бөлінген. Көрмеде түрлі жанр, техника мен орындаушылық шеберлік қолданылған туындылар назарға ұсынылды. Жандәулет Толыбай керамикадан бірнеше бөліктен құралған 4 қабатты субұрқақ жасады. Ең қиыны бөлшектерді қатайту дейді жас шебер. Бір элементіне ауа кірсе, өнім пеште жарылып қалуы мүмкін екен.

СНХ: ЖАНДӘУЛЕТ ТОЛЫБАЙ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бұл менің қолдан жасаған жұмыстарым. Бәрі де керамикадан жасалған, глазурь тәсілімен. Осы менің ең негізгі жұмысым. Осы жұмысқа 1 айдан көп уақыт кетті. Оны бір-бірімен байлныстыруға 1 апта кетті. Сол бір аптадан кейін оны мен пешке салып күйдірдім. Екі рет күйдіру қажет. Бірінші жай күйдіреміз, екіншісінде глазурьмен жағып күйдіреміз. Сосын ол керамика түрін алады.

СНХ: ҚАДИША ЖОЛЫМБЕТОВА, «АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің байқауда 95 бала қатысады. 141 жұмыс әкелді. Соның ішінде 15 аудан 3 қаладан балалар қатысты. 7 бала, бірінші орын алған балалар республикаға барып біздің Ақмола облысымыздан өнер көрсетеді. Енді ойлаймыз, жыл сайын өтетін байқауда біздің балалар жеңіспен келеді деп.

РКС: Байқауда ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы көздің жауын алады. Бәрінің де автолық жасалу стилі бар. Балалардың туындыларына деген ерекше сүйіспеншілігі сезіледі. Әр қатысушы жобаның атауын мұқият таңдап, тапсырманы жауапкершілікпен орындай алды.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ