ДИКТОР: Біржан сал ауданында балалар арасында асық атудан облыстық чемпионат өтті. Турнир қазақтың белгілі қоғам қайраткері Шаймерден Қосшығұловты еске алуға арналған. Өңірдің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бар өнерін ортаға салып, жүлделі орындар үшін бақ сынасты.

РКС: Турнир 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 50-ден астам ақмолалық оқушы бес асық және асық ату сайысынан өнер көрсетті.

СНХ: АРМАН ЕСТАЕВ, АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  Қатысушыларға жеңіс тілеймін. Ата-бабадан қалған ойындар жаңғыртып спортшыларымыз биік белестерден көріне берсін. Ауылымызда ұлттық ойындар жақсы дамып келеді.

РКС: Шәймерден Қосшығұлов өмірінің саналы бөлігін Ақмола облысында өткізді. Көрнекті Алаш қайраткері, діндар адам болған. Турнирге құрметті қонақ ретінде атақты қоғам қайраткерінің ұрпақтары да келді.

СНХ: МҰРАТ ҚҰРМАШЕВ, ШАЙМЕРДЕН ҚОСШЫҒҰЛДЫҢ НЕМЕРЕСІ: Бұл кісі Алаш қайраткері.Әлихан Бөкейханов секілді мықты тұлғалардың бірі. Бұл кісінің көптеген жарыққа шықпай қалған шығармалары бар. Ұлағатты тұлғаны кейінгі ұрпақ білу керек.

РКС: Сайыста Көкшетаудан келген балғын асықшылар жеңіс тұғырырнан көрінді. Жүлделі екінші орын турнирді ұйымдастырған Степняк қаласының командасына бұйырды. Бірсуат селолық округіне қарасты Сәулет мектебінің асықшылары қола жүлдегері атанды. «Алтын сақа» сайысын Қазақстанның барлық өңірінде өткізу дәстүрге айналып отыр.

АИДА ХАМИТОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ,КӨКШЕ АҚПАРАТ