ДК: Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының №2 мектебінде робототехника кабинеті ашылды. Сынып электрониканы қамтитын робототехниканы зерттеуге арналған заманауи бағдарламалық-аппараттық кешенмен толықты. Оған «Қазақстан халқына» қорынан 3,6 млн теңге бөлінді.

РКС: «Болашақ инженерлер» жоба аясында мектеп оқушыларына бағдарламалау негіздері мен робототехника тереңдете оқытылатын болады. №2 мектебінде мекеме қабырғасында ашылған робототехника кабинетінде 1-6 сынып оқушылары тәлім алады.Олар бағдарламалау, құрастыру, мехатроника, электротехника және басқа да бағыттар бойынша білімін жетілдіреді. Сонымен қатар ұстаздар біліктілігін арттыру үшін арнайы оқудан өтеді.

СНХ:БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  Бір қарағанда робототехника бойынша лего, электроника бөлшектері бар бір шағын кабинет сияқты. Бірақ мұндай жобаның әлеуеті зор. Балалар робототехника арқылы бағдарламалауды игереді. Бағдарламалау – болашақтың мамандығы болғанымен, ол қазіргі күннің мамандығына айналды. Мысалы, бүгінде нарықта қаржыгерлерден гөрі қаржы мен бағдарламалауды қатар білетін мамандар үлкен сұранысқа ие. Өйткені, бағдарламашылар барлық салаларда қажет және сұранысқа ие. Олар бүгін өнім әзірлеу арқылы болашақты қалыптастырады»

СНХ:МАКСИМ СУШКОВ, «R:ED – ROBOTICS EDUCATION» РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Іске асырып жатқан бағдарламаның мәні кабинетті жабдықтау туралы емес, білім беру үрдісін құруға негізделген. Оқушыларға заманауи конструкторлар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынамыз. Бұл бағдарламалауды үйрену жолындағы құралдар. Сондықтан біз мұғалімдерді робототехникаға ғана емес, инженерлік құзыреттілікке үйретіп, толық әдістемелік қолдау көрсетеміз. Робототехниканы оқыған бала электротехник, интернет-платформаларды әзірлеуші, ұшу аппараттарын құрастырушы бола алады, яғни инженерлік білімнің арқасында ол көптеген мамандықтарды игереді.

РКС:Қоянды ауылындағы №2 мектебі 2 жыл бұрын ғана қолданысқа берілген. Соған қарамастан оқушылар түрлі байқауларда жеңіске жеткен. Қазіргі таңда 2300 бала білім алып жатыр. Балалар робототехника арқылы бағдарламалауды игеріп,болашақта тәжірибелі маман болып қалыптасады,- деп атап өтті сала мамандары.

СНХ:РАУШАН СМАҒҰЛОВА, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі кезде робототехника даму үстінде.+скл Қазіргі ауыл балаларының болашақта инженерлік білімді игеруі бұл оларға берілген үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Болашақта біздің оқушыларымыз тәжірибелі маман болып шығатынына сенімім мол.

РКС: Елімізде жаңа оқу жылына қарай 161 аудандық және моноқалалардағы 28 мектепте робототехника кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Бағдарламаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоры 673,2 млн теңге бөлді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ