ДК: Ақмола облысында 300-ден астам елдімекеннің, сондай-ақ, 1000-нан астам көшенің атауын өзгерту жоспарланған. Жаңа атаулар идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елдімекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған республикалық жол картасы шеңберінде берілмек. Бұл әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіруге қатысты Мемлекет басшысының берген тапсырмасы.

РКС:Ішкі саясат басқармасының жоспарына сәйкес, биыл Ақмола өңірінде 280 көше мен 60-қа жуық елдімекеннің атауын өзгерту жоспарланған. Қазіргі таңда қажетті құжаттамалық жұмыстар жүргізіліп, аймақ тұрғындарымен қоғамдық жиналыстар өткізіліп жатыр.

СНХ: ДУЛАТ ҚОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2022 жылы жалпы ақмола облысы бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында  қоғамдық жиналыс өткізілді. Сол мәселе бойынша Ақмола облысының ономастикалық комиссиясы екі отырыс өткізді. Сол екі отырыстың нәтижесінде 20 елдімекен мен 198 көшені қайта атау бойынша оң шешім қабылданды. Сонымен қатар, 7 ауылдық округты қайта атау жөнінде қорытынды берді.

РКС: Көкшетаудың іргесіндегі Красный Яр ауылы да жоспар тізіміне ілікті. Ономастика комиссиясының оң қорытындысы шыққан тұста, бұл елдімекен Қызылжар атауына ие болады.


Блиц:

- Қарсы емеспіз. Болу керек қой өзіміздің еліміз. Тәуелсіз еліміз. Мелекеттік тіл бірінші орында болуы керек.

- Вообще никого мнения, просто деньги на ветер и все.

- Надо, значит надо. Что теперь сделаешь? Но мы привыкли к Красному Яру. Всю жизнь тут прожили. Раз такое решение, пусть делают.

- Красный Ярды Қызыл жар деп атаса, онша қиын емес қой. Қызылжар деп өзіміздің арамызда да айтамыз.

- Ол Дұрыс болды. Красный емес, басқаша атау керек. Сол дұрыс болады.

РКС: «Ақмола облысының топонимикасын зерттеу мәселелері» атты арнайы жоба арқылы өңірдегі елді мекендердің тарихи атаулары мұқият зерделеніп, терең зерттелді. Бұл жұмысқа облыстық бюджеттен қомақты қаржы да қарастырылған. Мұндағы мақсат – өлкенің атауын аудармалап емес, шежіресіне байланыстырып ауыстыру.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МАДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ