ДК: Атбасар қаласындағы “Олимп” спорт кешенінде керілген шаршы алаңда Қазақстан Республикасының 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы бокстан аймақтық чемпионат аяқталды. Күштілердің күштісі жүлдегер және жеңімпаз атанды.

РКС: Бірнеше күнге созылған балғын боксшылардың бәсекесі болашағынан мол үміт күттіретін өреңдерді шыңдай түсті. Еліміздің 3 облысы мен 2 қаласынан келген спортшылардың әрқайсысының жеңіске деген жігері бірден байқалды. Олар чемпионатқа жан-жақты дайындықпен келгенін көрсетіп, бақты.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: 12-13 жас аралығындағы балауса боксшылардан нок-даун, нокаут күту әлі ертерек...

РКС: Жарысқа қатысқан 154 боксшының санаулысы ғана жартылай финалға жолдама алды. Олар алдағы кездесулерде алтын және күміс медальға таласады. Солардың бірі шаршы алаң иесі 35 келіде сыңға түскен Александр Токарев еді.

СНХ: АЛЕКСАНДР ТОКАРЕВ, ҚР АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ (Атбасар қаласы): Мен Атбасар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Руслан Әбілевтің қарамағында дайындаламын. Осы жауапты жарысқа жан-жақты жаттықтым. Оқу-жаттығу жиынынан өттік. Міне, жартылай финалда жеңіске жетіп, ертең алтын медаль алудан үміттімін. Жерлестерім қолдап. Қуаттап жатыр. Рахмет.

РКС: Осынау байрақты бәсекеде Алматы қаласының боксшылары да шаршы алаңында жасындай жарқырады. Солардың бірі 46 келіде сынға түскен Эмир Мұхит чемпионаттың алғашқы күнінен бастап қарсылас шыдадпады. сөйтіп, чемпион атанды.

СНХ: ЭМИР МҰХИТ, ҚР АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ (Алматы қаласы): Аймақтық чемпионат биік деңгейде өтті. Менің салмағымда талай мықты боксшылар болды. Бапкерімнің ақыл-кеңесін жүзеге асырдым. Әр кездесуге тыңғылықты дайындалдым. Міне, соның нәтижесін көрдім.

РКС: Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы аймақтық чемпионатында Ақмола облысының командасы жалпы есепте 3-ші орынға табан тіреді. Біздің қоржынымызға 3 алтын 3күміс, 3 қола медаль түсті. Бұған тоқмейілсуге болмайды. Өз жерімізде өткен жауапты жарыста кейбір боксшыларымыздың төрешілер тарапынан қиянат көргендігін атап өту керек. “Спортта қабырғаң да көмектеседі” дейтін қағида қайда ағайын?

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МИХАИЛ МАЙЕР КӨКШЕ АҚПАРАТ