ДК:«Арлан» және «Номад» хоккей клубтары тағы бір мәрте бақ сынасты. Ширек финалдық кезең жалғасуда, қарсылас командалар Көкшетауда 2 матч өткізеді. Бұған дейін екі клуб арасындағы шайбалы шайқас елордада өткен. Айта кетейік, матчтар арасындағы үзілісте биатлоннан Щучинск қаласында өтетін әлем чемпионатына билеттерге ұтыс ойнатылды.
РКС:Астанадағы жекпе-жектің екеуі де командалық ойынның жоғары деңгейін көрсетті. Қос клубтың да аяқ алысы жаман емес. Бұл жанкүйерлердің қызығушылығын одан әрі арттыра түсері сөзсіз. Облыс орталығының тұрғындары көкшетаулық ойыншыларға барынша қолдау көрсетеді. Осы спорт түріне қызығушылық танытқандар бұл жолғы ойынға да көп келіпті.
ИНТЕРШУМ: трибуналар
СНХ: ЕВГЕНИЙ БАЙМУЛЛИН, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Бүгінгі матч қызықты болатын сияқты. Екінші жағынан ойын қиын болады. Өйткені, қарсыластар өткен ойындарда өздерін жақсы көрсете білді. Бірақ, біздің клуб бәріміз мықты. Соңына дейін шайқасады.
РКС: Алғашқы таймда ойын қатал болды, мұз айдынының иелері соңына дейін қорғанып келгенімен, «Номад» хоккей клубы ептілік танытты. Алғашқы кезеңнің ортасында елордалық хоккейші Андрей Рунов «Арланның» қақпасына шайба соқты.
СНХ: ДЕНИС НЕДИЛЬКО, «НОМАД» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Әр сәтті жіберіп алмауға тырыстық. Ол ойымыз жүзеге асқан сияқты. Жаттықтырушымыздың барлық нұсқауын орындадық деп ойлаймын. Плей-оффқа да дайынбыз.
РКС: Теке-тірес жалғаса түсті. Елордалық хоккейшілер екінші кезеңнің екінші жиырма минутында «Арланның» қақпасына бір шайба соғып үлгерді. Ол 14-ші номерлі жейдедегі Әлихан Өмірбеков.
ИНТЕРШУМ: ОЙЫН
СНХ: ДАНИЛА КАРАБАНЬ, «АРЛАН» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Барлық жағынан жеңілдік. Шынымды айтсам, бұл матч туралды ештеңе айтқым келмейді. Бүгінгі ойын аяқталды, бірақ, серия жалғасады. Бәрін саралап, ертең жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деп ойлаймын. Жаттықтырушыларымыз қай жерден қате жібердік, бәрін айтады, талқылаймыз.
РКС: Ойын 4:0 есебімен аяқталды. Бұл жолы астаналық хоккейшілердің мерейі үстем болды. Десе де көкшетаулық команданың өзін көрсетуге әлі де мүмкіндігі бар.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, РАХАТ САЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ