ДИКТОР: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жарақат алған адамдардың 70 проценті дер кезінде алғашқы медициналық көмек ала алмағандықтан қайтыс болады екен. Ал шұғыл жағдайда дұрыс әрекет етілсе, зардап шеккендердің 50 процентін аман алып қалу мүмкіндігі бар. Облыс орталығында төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үшін практикум ұйымдастырылып, онда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері түсіндірілді.
РКС: Бұл іс-шара қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету шараларының тиімділігін арттыру бағытында ұйымдастырылды. Оларға іс-қимыл алгоритмі, жүрек-өкпе реанимациясы, қан кету кезіндегі көмек, сондай-ақ оқыс жағдай орын алғанда дүрбелеңге түспеу жолдары көрсетілді.
ИНТЕРШУМ: Мысал
СНХ: АСХАТ УӘЙІСОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз тек төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерін ғана емес, сондай-ақ, қарапайым халықты да оқытамыз. Жақында Көкшетау қаласындағы орта мектептердегі ұстаздармен жұмыс істедік. Олардың медициналық білімі жоқ. Алайда, төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Сондықтан да оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсеттік. Бұл тренинг бәріне пайдалы, кез-келген адам осы дағдыларды игеруі керек. Мысалы, шетелдерде әрбір адам алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Өйткені, төтенше жағдайдың қашан және қалай болатынын ешкім білмейді.
РКС: Құтқарушылар оқиға орнына алғашқылардың бірі болып келеді. Зардап шеккендердің тағдыры солардың қолдарында. Сондықтан олар дұрыс көмек көрсете білуі тиіс. Қатысушылар курстан өткеннен кейін тиісті сертификаттар алды.
СНХ: ОРАЛБЕК МҰҚАШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ: Бүгінгі шара өте маңызды. Өйткені, біздің қызметкерлер адам құтқарудан өзге, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудіде білулері қажет. Осы мақсатта біз Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп, осындай практикум өткізуді ұйғардық. Құтқарушыларымыз кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын болады.
РКС: Қазір волонтерлер Көкшетау қаласы ұйымдарында оқыту курстарын өткізуде. Алдағы уақытта өңірдің өзге де аймақтарына шығуды жоспарлап отыр.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ