ДК: Өңірде 1,5 мыңнан аса студент жатақханаға мұқтаж. Жоғары оқу орындары мен колледждердің басым бөлігі облыс орталығында орналасқандықтан, студенттер үйіне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылға дейін 4 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

РКС: Өңірде техникалық және кәсіби білім алып жатқан 4 мыңнан аса студент өзге қалалар мен елді мекендерден келгендер. Мыңнан астам болашақ маман үшін баспана мәселесі әлі де шешілген жоқ. Тапшылықты жою үшін 1200 орынға шақталған 4 жатақхана салынып жатыр.

СНХ: МҰРАТ ТОҚСАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжіне 500 орынға арналған жатақхана салу жоспарланып отыр. Былтыр 1,5 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттамасы бекітілді. Құрылыс жұмыстары басталды. Келер жылдың ақпанында пайдалануға беріледі.

РКС: Жыл санап студенттердің көбеюіне байланысты жоғары техникалық колледжге тағы екі жатақхана салынады деп жоспарланып отыр. Әрқайсысы 300 орындық. Ал, бір нысан биыл пайдалануға берілмек.

СНХ:НАРТАЙ ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Колледж аумағында жатақхана салыну басталды. 2300 студенттің ішінен 700 студентке жатақхана керек. Студенттердің тек сабағына көңіл бөліп, алаңсыз оқуы үшін оның алдымен баспанасы, шәкіртақысы түгенделуі керек.

РКС: Сала мамандарының айтуынша, студенттерді жатақханамен қамтуға қатысты мәселенің шешімін табуы оларды қанаттандырып, оқуға деген ынтасын арттыра түсері сөзсіз.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ