ДК:Қаһарман деп қоғам мүддесі үшін дер кезінде шешім қабылдап, әрекетке көшетін жандарды айтамыз. Көкшетау қалалық патрульдік полиция қызметінің инспекторлары дәл осындай азаматтардың қатарында. Тәртіп сақшылары оқыс тан болған оқиға орнына дер кезінде жетіп, көмек көрсетеді. Біздің редакциямызға тәртіп сақшыларының атына алғыс білдіріп хабарласатын жандар өте көп. Келесі бейнематериалымыз осындай оқиғалардың біріне арналмақ.

РКС:Ерлі-зайыптылар Раиса мен Тадеуш Янковскийлер кептеліс жиі орын алатын Пушкин мен Қуанышев көшелерінің қиылысында жекеменшік көліктерімен үйлеріне қарай келе жатқан. Автокөліктері жолда кілт тоқтап қалады. Қос қария абдырап қалады.

СНХ: РАИСА ЯНКОВСКАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Машиналар әрі-бері ағылып жатты. Бәрі дабылқаққыштарын қосқан кезде, шыны керек есімізден айырылып қалдық. Көлігіміздің багажнигінде газ баллоны жатқан едік. Әбден зәреміз кетті. Жолдасым есінен танып бара жатқанын байқап, мен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Бір мезетте қай жақтан келгенін білмеймін, ақ көлік келіп тоқтай қалды. Ішінен екі полицей шыға келгенде, одан сайын біткен жеріміз осы шығар деп ойладым. Олар мен ойлағандай болмай шықты. Керісінше жағдайымызды сұрап, не болғанын анықтауға кірісті. Көлігіміздің не себепті көшенің қақ ортасында тоқтап қалғанын көрсетті. Онымен қоймай, біздің көлігімізді өздеріне тіркеп алып, үйімізге жеткізіп салды. Бізді дәл сол күні оқыс оқиғадан аман алып қалған періштелер олар.

РКС: Қариялар үшін "періште қорғаушылар"патрульдік полиция батальонының инспекторлары Азамат Албақов пен Данияр Серіков. Тәртіп сақшылары сол күні кезекшілікте болатын. Көшенің қақ ортасында қаңтарылып тұрған көлікті көрген олар қариялардың жанына барады. Ешкім олардан көмек сұрамаған.

СНХ: АЗАМАТ АЛБАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Біз үшін бұл асқан ерлік деп айтпас едім. Өйткені күнделікті жұмысымыз-халыққа жәрдемдесу. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол кез-келген полицейдің борышы деп білемін. Оның үстіне егде жастағы жандар. Қазыналы қарияны сыйлай білетін ұрпақпыз.

РКС: Жасыратыны жоқ, көп ретте полицейлерге тұрғындар тарапынан сенімсіздік білдіріліп жататыны бар. Ал мына құқық қорғаушылардың әрекеті осы стереотипті жойып, болашаққа сеніммен қарауға жетелейді,-дейді қария. Ал тәртіп сақшылары болса, қашан да ел үшін қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ