ДК: 23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Осыған байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Орталық жаңа жұмыс кестесі бойынша келушілерді 6 ақпанға дейін қабылдайды.

РКС: Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтардың жұмыс кестесі ұзартылған. Дүйсенбі және сенбі күндері таңертеңгі 9-дан бастап кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Бұған дейін кешкі беске дейін жұмыс істеп келген. Уақыт кестесімен қатар, қызметкерлер саны да артып отыр. Бұл келушілерге тез, әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді,-дейді сала мамандары.

СНХ: ЖАСҚАЙРАТ ЕСЛӘМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Заңдастыру жобасы аясында біз, міне, үшінші күн құжаттарды қабылдап жатырмыз. 3 күн ішінде алдын ала тексеруге 580 өтініш түсті. Соның 24-і толық тексерістен өтіп, құжаттары рәсімдеуге жіберілді. Құжаттар кешкі алтыға дейін қабылданады. Өңдеуге екі сағат уақыт кетеді. Сонымен қатар бізде азаматтарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімі бар. Ол таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді.

СНХ: АЙБОЛАТ ЛАХАЙ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Таңертең келіп, заявка бердім. Машинам ресейлік учетта. 2021 жылы алдым. Бүгін бәрін тапсырып, қазір нөмірімді күтіп тұрмын. Үкіметтің халыққа осындай мүмкіндік беріп жатқанына ризамыз.

РКС: Көкшетау қаласында халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі ұзартылса, аудандарда өзгеріссіз қалды. Яғни, құжаттар кешкі сағат алтыға дейін қабылданады. Бұл аймақтардағы жағдайдың тұрақтылығын көрсетіп отыр. Атбасар ауданына қарасты Новосельское ауылының тұрғыны Петр Соболев шетелдік автокөлікті заңдастырудың барысы тез екенін айтады.

СНХ: ПЁТР СОБОЛЕВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қызмет сапасы өте жақсы, ұнады. Кіргенімнен шыққаным тез болды. Барлығын небәрі он минуттың ішінде бітірдім. Қазір қорытындысын күтіп отырмын.

РКС: Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға келіп түскен өтінім саны көп болғанымен, тексерістен өткендер аз. Нөмірді алу үшін бірнеше талап бар. Басты шарты көліктер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге кіргізілген болуы тиіс. Айта кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмысы шілденің біріне дейін жалғасады.

АИДА ХАМИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ