ДК: Бүгін «Барша әдебиеттің бастауы- балалар әдебиеті» атты кеш өтті. Іс-шара «Балалар мен жасөпірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында ұйымдастырылған. Жиынға балалар жазушысы Серік Жетпісқалиев қатысты. Ол өзінің балалық шағынан қызық естеліктерімен, ақындық жолдың қыр-сырымен бөлісті.

РКС: Кітап оқу баланың ой-өрісін, сөздік қорын кеңейтеді. Онымен қоса есте сақтау қабілетін де дамытады. Жас ұрпақты оқуға ынталандыру мақсатында Серік Жетпісқалиевтың кітап жинақтарынан көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, “Бахтияр бұзық бала емес”, “Көзімдей көр” сынды шығармалардың шығу тарихы айтылды. Жиын барсында ақын оқушылар қойған сауалдарға жауап беріп, кеңесін берді.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:  Сұрақ көп болды. Әңгіме барысында қызықтырған сұрақтарын қойды. Өзімнің өмір жолымды, шығармашылық жолымды қызықты етіп айтуға тырыстым. Балалар әсер алды деген ойдамын. Балаларға өнерпаз болыңдар, қазақтың домбырасын, қазақтың күресін үйреніңдер, жігерлі, батыл болыңдар, кітапты көп оқыңдар, сабақты жақсы оқыңдар, елдеріңді сүйетін елеулі азамат болыңдар деп тілек айттым. Сондай әсерлі кездесу болды.

РКС: Ұйымдастырушылар асыл қасиеттер баланың бойына кітап арқылы біртіндеп сіңетінін айтады. Сондай-ақ, баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн,-дейді.

СНХ: МӘДИНА ХАСЕНОВА, №4 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Біздің басты мақсатымыз қазақ халқына қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеп, өсіру.  Әдеби қонақжай форматында өткен іс-шарамыз. Ол балаларға еркін өз ойын білдіру, сұрақтарын қою мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, қызықтырған мәселелерін көтеріп, еркін түрде пікір алмасуға мүмкіндік жасайды..  Мектебімізде поэзия, әдебиетке құштар балалар да бар.

РКС: Ақындық өнерді 13 жасында жанына серік етуге бел байлаған Альмира бүгінгі кештен жаңа өлең жазуға шабыт алғанын айтты. Сондай-ақ, ол қаламгерді үлгі тұтып, оқыған шығармаларынан ерекше әсерде болғанын да жеткізді.

СНХ: АЛЬМИРА САПАРБЕКОВА, №4 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:  Біздің мектепке Көкшетаудың қадірлі, ардақты ақыны келгеніне қуаныштымын.  Серік Жетпісқалиевтың “Тасқайрақ” деген кітабын оқыдым. Ол жерде көп адамдарға арнау, мысалы Махамбет түсіне кіріп, оған арнау жазған. Соған тәнті болдым. Мен де ақындардың шығарма, жырларын оқып олардың жолын қуамын деген сенімдемін.

АИДА ХАМИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ