ДИКТОР: Биыл өңірде медициналық 38 нысанның құрылысы басталады. Олар ауылды жерлерде орналаспақ. Бұл жобалар "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының арқасында Шортанды, Целиноград, Ақкөл аудандарының тұрғындары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етілмек.

РКС: Бүгінде өңірде 200-ден астам дәрігер тапшы. Дегенмен сала мамандары бұл қажеттілік биыл жабылады,-дейді. Өйткені, осы жылы 200-ден астам түлек жоғары оқу орнын тәмәмдап, жаңа ауруханларға жұмысқа орналасады.

СНХ:НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:  Бұл нысандарды салу үшн 7,8 миллиард теңге қажет. денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен Атбасар және Бұланды аудандарындағы 2 аурухананы қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта қос нысанда 200 мыңнан астам адам медициналық көмек алады.

РКС: Биыл облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 18 миллион теңге бөлінді. Осының арқасында ауруханадағы кәріз, су желілерін жөнделмек. Сондай-ақ, жылыту жүйесін қайта жыңғыртып, шатырды, терезелер мен есіктерді ауыстыру, аумақты абаттандыру сынды жұмыстар да жүргізіледі.

СНХ: ЖАНЕРКЕ ҚАЛИЕВА, КРАСНЫЙ ЯР ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 2021 жылы облыстық бюджет есебінен техника жаңартылды. Бізге жаңа ультрадыбыстық, рентген аппараттары әкелінді. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің тапшылығы жоқ. Мамандардың орташа жасы-30. Бүгінгі таңда Красный яр ауылының емханасында тұрақты түрде жұмыс істейтін 16, толық емес жұмыс күнінде еңбек ететін 19 дәрігер мен 73 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

РКС: Ауылдық медициналық мекемелерде еңбек ететін жас мамандарға әлеуметтік көмек те көрсетіледі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 19 дәрігерге үй сатып алу үшін 2500 айлық есептік көрсеткіш есебінде қаражат бөлінген. 34 медицина қызметкері 252 000-нан 306 000 теңгеге дейін, біреуі 1 миллион теңге көлемінде жәрдемақы алған. Тағы 2 маман қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»