ДИКТОР: Бүгінде өңірде 180-ге жуық елдімекен тұрғындары сапалы ауыз суға зәру. Дегенмен сала мамандары бұл мәселе алдағы үш жылда толығымен шешіледі деп отыр. Бұл жұмыс кезең-кезеңмен іске аспақ. Биыл ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін ел қазынасынан 12, облыстық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді.

РКС: Алдағы үш жылда 60-тан астам ауылда орталықтандырылған су құбыры салынбақ. Бүгінде 34-нің құжаттары толығымен дайын. Қалған 31 елдімекендегі жұмыс та қарқынды,-дейді сала мамандары. Оған қоса 2025 жылға дейін 105 елдімекенде су тазарту кешенді блок модульдерінің құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін пункттер ашылмақ.

СНХ: ИГОРЬ МАКАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Былтыр 7 ауыл толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның 4-інде орталықтандырылған су құбыры салынды. Қалған 3-інде су кешенді блок модульдері салынды. Биыл да бұл жұмысын жалғасын таппақ. +скл+Осы жылы 27 жоба қолға алынады. Оған республикалық бюджеттен 12,3 миллиард теңге бөлінді.

РКС: Бірнеше жыл қатарынан ауқымы кең «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында елді мекендерде инфроқұрылым мәселесі біртіндеп шешілуде.Соның ең өзектісі-ауыз су мәселесі.

СНХ:ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биыл «Ауыл -ел бесігі» бағдарламасы аясында сумен қамтамасыз ету бағытында 5 жоба қолға алынбақ. Оның 3-інің жұмысы алдыңғы жылдары басталған. Осы жылы да жалғасын табады. Олар Бұланды мен Есіл аудандарына қарасты үш ауылда жүзеге асып жатыр. Ал қалған екі жоба Бұланды аймағында Қараөзек, Бурабайдағы Наурызбай батыр елдімекендерінде қолға алынбақ.

РКС: Алдағы уақытта конкурс жарияланады. Содан кейін жұмыс басталып, екі ауылдың тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі,-дейді сала мамандары.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»