ДИКТОР: Ай сайын Ақмола облысына 8 мың тоннадан астам газ жеткізіледі. Қазіргі уақытта аймақта 1700 тонна көгілдір отын бар. Бүгінде ақмолалықтар сұйық отынды 70-75 теңгеден сатып алады. Сала мамандары оның бағасын бірқалыпты ұстап тұру қажет,-дейді.

РКС: Бүгінде өңірде 10 газ станциясы, 130 бекетпен 97 көгілдір отын толтыру пункттері бар. Қазіргі уақытта аймаққа ай сайын жеткізілетін 8 мың тонна көгілдір отын жеткілікті,-дейді сала мамандары.

СНХ: БІРЖАН ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақпан айында өңірге 7830, наурызда 8222 тонна сұйытылған газ жеткізіледі. Қазіргі уақытта көлік бекеттерінде көгілдір отынның 1 литрі 55-75 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал газ балонның 1 келісі 70-тен 172 теңгеден тұрады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»