ДИКТОР: Ақпан айында Красный Яр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Бүгінде оған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба желтоқсан айында аяқталады деген болжам бар.


РЗК: Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін шамамен 1,5 гектар жер телімі бөлінген. Сондай-ақ, бюджет есебінен 1 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылыпты. Қазір аумақты дайындау, оны ағаштардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құжаттарын рәсімдеуге екі жылдан астам уақыт кеткен.

СНХ: МЕРЕКЕ ЖҮСІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Екі спорт залы болады. Оларды Г тәріздес қылып бөлеміз. Біріншісінде дене шынықтыру залы орналасса, екіншісіне екі бассейн салмақпыз. Оларды жас ерешеліктеріне қарай да бөлеміз. Ал екінші қабатта екі жекпе-жек залы болады.

РКС: Облыс бойынша 2,5 мыңнан астам спорт нысаны бар. Оның 1800-ге жуығы елдімекендерде орналасқан.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Өткен жылы 67 спорт кешені салынды. Оның 63-і спорттық жабық ғимарат, Балкашино ауылындағы және Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылындағы стадион жаңартылды. Биыл Ерейментау ауданының орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Сонымен бірге жекеменшік инвестиция есебінен Атбасар ауданындағы Шуйское елдімекеніндегі осындай нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.

РКС: Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Щучинск қаласындағы спорт сарайының құрылысы жанданады. Сондай-ақ Целиноград ауданындағы Родина селосында және Қорғалжын ауылында спорт нысандарының құрылысы басталмақ.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ