ДИКТОР: Қосшы қаласында былтыр пайдалануға берілген №1 қалалық емхана әлі күнге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев айтты. Сондай-ақ, өңір басшысы шаһардағы бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.
РКС:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз бұл аурухананы 3 жыл салдық. Міне, бәрі дайын тұрса да, жарты жыл бойы жұмыс әлі басталған жоқ. Тезірек жұмыс істеу қажет. Жұмысшылар барлығын дер кезінде аяқтауы тиіс. Тұрғындар шағымданып жатыр. Ауруханаға келіп, ем алайын десе, мұнда әлі күнге дейін ештеме аяқталмаған.
СНХ: Бүгінде емхана толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Кадр тапшылығы мәселесі де шешілген. Жоба құны 1,5 миллиард теңге. Нұржамал Қуанысованың медицина саласындағы еңбек өтілі ширек ғасырдан асады. Ол мұндай емхананың халыққа аса қажет екенін айтады.
СНХ: НҰРЖАМАЛ ҚУАНЫСОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ № 1 ЕМХАНАСЫНЫҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ///қазақша//01:03///Әрине, Қосшы қаласы үшін осындай аурухана аса қажет еді. Өйткені, шаһарда бір ғана емдеу мекемесі болды. Қала халқы жыл озған сайын көбею үстінде. Сондықтан осындай нысанға аса мұқтажбыз.
РКС: Сондай-ақ шаһарда 1500 балаға шақталған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны-7,5 миллиард теңге. Аймақ басшысы жұмыс барысымен танысты.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биылғы жылы 6 мектепті пайдалануға беруіміз қажет. Негізінен барлық жұмысты алып алғаннан кейін, оны созуды әдетке айналдыратынымыз бар. Мектепке ерекше назар аударылып отырғанын ұмытпау қажет.
РКС: Электр желілерін, су құбыры мен кәріз жүйелерін тарту кезінде мектепке қолдау аса қажет. Мердігер жобаның дайын екенін айтып отыр.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Дамудың кез келген деңгейінде ең алдымен мемлекет үшін осындай әлеуметтік нысан аса қажет.
РКС: «Алтын таға» өндірістік кешені шұжық өнімдерін дайындайды. Жоба құны 3 миллиард теңге. Кәсіпорын жұмысын 2015 жылы бастаған, қазіргі уақытта елорда нарығына өнім жеткізумен айналысады. Астана қаласының өзінде 70 сауда нүктесі мен 20-ға жуық басқа да орналастыру орны бар. Кәсіпорында жылына 270 тоннадан астам ет өңделеді.
СНХ: АЙДАР НЫҒМЕТОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Негізінен біз өз өнімдерімізбен жұмыс істейміз. 2-3 мың бас сатып аламыз. Тұрақты әрі сенімді жеткізушілеріміз бар. Өтйкені, біз сертификаттаудан өткенбіз.
РКС: «Феникс» спорт клубы өткен жылы қолданысқа берілген. Кешенде негізінен теннис, футбол мен волейбол ойынына басымдық берілген.
СНХ: ШЫҢҒЫС ОМАР, ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Шәкірттерім қалалық және республикалық деңгейде додаға түсіп, жүлделі оырндарды еншілеп жүр. Өзім де кезінде ойнағам. Осы ойынға қызығушылық танытқан кез-келген жастағыларды қабылдауға әзірміз. Одан әрі баланың ынтасына байланысты жүзеге асады.
РКС: Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажет дүние-азық-түлік тауарлары. Қосшы қаласында жаңа сауда үйі ашылды. Кәсіпкерлер оған 150 миллион теңге көлемінде өз қаржысын жұмсаған. Және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнесті жетілдіруге 10 миллион теңге шамасында қаржы бөлген.
СНХ: НАЗГҮЛ ЕЛУБАЕВА, САУДА ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ғимаратты өзіміз сатып алдық. Сауда үйі ашылғанға дейін базарда бірге жұмыс істедік. Жұбайым азық-түліктің сапасын жақсы ажыратады, көкөністер мен жемістерді жеткізушілермен жақсы байланыс орнаған. Халыққа тауардың сан түрін ұсынуға тырысамыз. Бағаны өсіруге жол бермейміз.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қала мәртебесін алған сәттен бастап дүкендер мен брендтердің осында шоғырлануына бар күшімізді салып жатырмыз. Былтыр «Магнум», «Мечта», «Светофор», «Сулпак», енді міне, биыл биыл сіздер келдіңіздер.
РКС: «TauPark» демалыс аймағы тұрғындардың бос уақытын ұтымды өткізуге арналған таптырмас орын. Ашылғанына көп уақыт болған жоқ. Оның үздіксіз жұмыс істеуі үшін атқаруға тиіс шаруа әлі де ұшан-теңіз. Әсіресе демалыс аймағына келетін жолды қыста қалың қар басып қалады. Ал көктем кезінде біраз қиынджық тудыратынын атап өтті демалыс аймағының иесі.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Су тасқынының қаупі бұл жерде жоғары, әсіресе су көтерілген кезде бәрін шайып кетуі ықтимал. Сондықтан бәрін дұрыстап істеу қажет. Әрине көмектесеміз.
РКС: Қосшы жыл өткен сайын дами түсуде. Бірнеше мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аурухана салынды. Жаңа сауда орталықтары пайдалануға берілді. Мына демалыс аймағы жобасының құны 2,5 миллиард теңге. Бұл жерде тұрғындар мен қала қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ