ДИКТОР: Қоғамдық орындарда балағат, әдепсіз сөздер айтқаны үшін және ұсақ бұзақылық жасағандарға елімізде айыппұл 4 есеге артты. Мәдениетті қоғам құру үшін айыппұл әсер ете ме? Осы сұраққа жауап тілшіміз Жанерке Төлен баяндайды.
РКС: Қоғамдық орындардағы мүлікті қирату және айналысындағыларға құрметсіздікпен қарап, әдепсіз сөздер айту көп ретте үйреншікті жағдайға айналған сыңайлы. Ендігі арада байқап, жан-жағыңызға барлап сөйлейсіз. Өйткені, жауапкершілік күшейтілді. Тәртіпсіздік жасағандар үшін бұған дейін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын. Ал, жаңа түзетулерге сәйкес айыппұл сомасы 69 мың теңге.
СНХ: УӘЛИХАН ЖҮНІСБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең алдымен, кодекске жаңа өзгертулер енгізгені мәдениеті қоғамға айналу үшін. Түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойды. Жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК-69 мың теңгені құрайды, қамауға алу 5 тен 30 тәулікке дейін тағайындалады.
РКС: Тұрғындар балағат сөз айтқаны үшін 30 күнге қамауға алынуға қатысты өзгерісті қызу талқылап жатыр. Жаңа әкімшілік жаза қоғамға қаншалықты әсер етеді? Жұрттың ой пікірі қандай?
БЛИЦ-ОПРОС:
- Менің ойымша тек осындай әдіс арқылы ғана мәдениетті қоғам боламыз. Ол өте дұрыс, әр адам аузына ие болады.Бір рет жаза алса, келесінде ол қайталамайды.
- Егер бір адам қасақана емес, қуанғаннан кейде адам боғауыз сөз айтып қалады.Ол енді аузынан шығып кетті сол үшін әкімшілік жазаға тартылса дұрыс емес-ау. Ал, әдейі оның жеке басына тікелей тигізіп, көңіліне нұқсан келтірсе жазалау үшін осындай заң арқылы айыппұлдар дұрыс. - - Бірақ суммасы әсіретіп жіберген сияқты.
- Мне как-то всеровно хотят пусть матерится хотят нет, я лично не матерюсь, если там говорят надо так значит надо
- Қазір көбейіп кетті ғой балағатаушылар. Әрине керек. Әрбір адам өзінің айтқан үшін, ісіне жауап беру керек.Тәртіп керек.
РКС: Бұл заң наурыз айынан бастап күшіне енеді. Әрбір азамат енді жеке тұлғаға балағат сөздер айтқаны үшін ескертусіз әкімшілік жазаға тартылады.
СНХ: УӘЛИХАН ЖҮНІСБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер қоғамдық орында азамат еркін боғауыз сөздер айтып, ар-намысына тиетін сөздер қолданса камера арқылы, куәгерлер арқылы дәлелдемелер арқылы арызын қабылдайды және әкімшілік жазаға тартылады.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ