ДИКТОР:Өскелең ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі мультфильм. Қазіргі таңда батыстың мультфильмдері бүлдіршіндердің ойын әбден жаулап алған десек артық емес. Тіпті көп ретте соған тәуелділік туындайды. Балалардың көпшілігі қазіргі упқытта ойыншыққа аса қызықпайды. Екі көзі смартфонда. Әсіресе, асыға қарайтын мультфильмдердің бірі Сиреноголовый, Фоногореголовый, Хагги, Месси секілді батыс мультфильмдері балалардың санасын улап, психикасына кері әсер етуде. Осы тақылеттес мультфильмдердің кесірінен бүлдіршіндер арасында цифрлық аутизм пайда болып жатқанын бірі білсе, біреуі білмес.Жанерке Төленнің материалына назар аударайық.

РКС: Қазіргі таңда бүлдіршіндеордің тілі кеш шығып, тіпті сөйлеуге құштарлық білдірмейді. Әсіресе 2-3 жасқа толған балғындаройыншыққа емес, смартфонға әуес. Қазақстанда аутизмнің анықталған жағдайларының көрсеткіші соңғы 7 жылда 5 есеге өсті.Батыс мультфильмдеріне аңсары ауады да тұрады. Тіпті мектеп жасындағылардың да қарайтыны Хагги, Сиреноголовый, Зомби Дамби деген мультфильмдер. Олар Ютуб арнасында еркін қолданыста. Сол себепті ата-аналар балаларының не көретінін бақылап қана қоймай, шығарманың мазмұнына ең алдымен өздері мән беруі тиіс екенін айтады психолог мамандар.

СНХ: САНДУҒАШ ҚАНҒОЖАЕВА, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ: Ата-аналар балалармен бірге қарау керек мультфильмдерді. Егер қарауға мүмкіндік болмаса, онда қадағалап отыруы қажет. Қазіргі таңда, шетел мультфильмдері балалардың санасын құртуда.Осыған байланысты балалардың тілдері де кеш шығуда, ой саналарыда кеш дамуда. Егер қолына телефон берген жағдайда 10-15 минуттан көп болмау керек. Өзінің шегі уақыты бар. Әсіресе, Хагги-Ваги, Сиреноголовый тб зомбилық мультфильмдердің кесіренен балалардың арасында цифрлық аутизмге ауруын тудырады. Олардың сөздік қоры азайып, ортамен байланысқа шықпайды.Тез ашушаң болып келеді.Ата-аналарға айтар кеңесім олардың бос уақытын тиімді өткізіп, ойын-жаттығулар жасау керек.

РКС: Бұл орайда балалардың пікірі қандай? Ютуб арнасындағы мультфильмдер анағұрлым қызықты десе, енді бірі отандық мультфильмдерге ешнәрсе жетпейтінін айтады.

СНХ: ДИМАШ ЖАҚЫПОВ: Маған ютубтағы мультфильмдер ұнайды. Өзім хагги және сиреноголовыйларды қараймын. Себебі ол түрлі түсті әрі қызық.

СНХ:МАНСҰР СЕРІК //қаз//Мен «Балапан» арнасындағы мультфильмдерді қараймын. Ол жерде танымды әрі пайдалы кеңестер айтады.Мағыналы әңгімелер бар. Шетел мультфильмдерін қарамаймын.

РКС:Батыстың және отандық мультфильмдерді тамашалайтындарды бірден ажыратуға болады. Өйткені, балаларға қарап кімнің қай өнімді қарайтынын түсінуге болады -дейді психолог маман.

СНХ: САНДУҒАШ ҚАНҒОЖАЕВА,ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ: Отандық мультфильмдерді көретіндердің сөз саптауы, сөйлеу мәнері басқа. Қоршаған ортамен тез тіл табыса алады.Ал, зомби мультфильмдердің көрермендері, яғни сол бүлдіршін балалардың тілдері кеш шығады және сөздік қоры аз. Көбінесе жабық. Өзінің қатарластарымен сөйлеспейді. Тіпті осы мультфильмдер көбінесе қатыгездікке үйретеді. Олар ашушаң болып келеді. Қолдарында ойыншық болғанымен көздері экранда.Ортамен байланысқа шықпай, тұйық мінезі.

РКС:Жалпы бұл туындыларда іліп-алар дүние жоқ. Ешқандай тәрбиелік мәнін көріп тұрған жоқпын.Мультфильм баланы өзіне тәуелді қылып қояды- дейді, көпбалалы ана Айнұр Әлкеева.

СНХ: АЙНҰР ӘЛКЕЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Менің балаларым Ютуб арнасында әлеуметтік желіде танымал осы Сиреноголовый дегендерді қарамады емес, қарады. Бірақ тек 1-2 рет қана. Себебі мен дер кезінде балаларға айтып түсіндірдім. Қаншалықты пайдасы жоқ, мағынасыз екенін. Тіпті ана ретінде өтініш жасар едім осындай қонымсыз мультфильмдерді ютуб арнасында тиім салса екен-деген.

РКС:Балалардың сүйікті туындысына айналған шетел мультфильмдері қазіргі таңда цифрлықық аутизм дертіне шалдықтыратвнын бірі білсе, бірі білмес. Ютуб арнасындағы, әлеуметтік желідегі мультфильмдерге балатәуелді болмас үшін, онымен жиі сөйлесіп, ойлау қабілетін жетілдіру қажет. Отбасымен бірге мағыналы отандық мультфильмдерді көріп оны талқылау да аса маңызды. Қызықты ойындар ойнап, таза ауада серуендеу арқылы цифрлық аутизмнің алдын алуға болады -дейді сала мамандары.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.