ДК: Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына санаулы күн қалды. Ақмола облысы бойынша емтихан тапсыруға өтінім берген оқушы саны 3 мыңнан асып отыр. Биыл Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша тест саны мен форматы өзгерді. Сондай-ақ, тапсырмалар құрылымы да жаңашылдық енгізілді.
РКС: Өңірде 5 мыңға жуық оқушы 11-ші сыныпты аяқтайды. Әрбір жас талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындық үстінде. Ақмола облысы бойынша 2 тестілеу орталығы бар. Олар Көкшетау және Атбасар қалаларында орналасқан. Орталық арнайы кабинеттермен жабдықталған. Бұдан бөлек барлық компьютер мен өзге де техникалық құрылғылар талапқа сай келеді. Яғни, әр орында 2 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ, биыл қазақстан тарихы пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырма болады. Ал оқу сауаттылығы бойынша талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы беріледі.
СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биылғы мектеп түлектеріне емтихан тапсыру мүмкінділігі 4 рет сақаталады. Осы қаңтар айында болатын ҰБТ тапсыратын қатысушы қатарынан болу үшін алдымен мектеп түлегі, екіншіден шартты түрде оқуға түсіп, оқуын ары қарай жалғастыратын ойы болса, ол түлек емтихан тапсыруға міндетті. Жоғарғы оқу орнында шығармашылық емтихан тапсырып, ары қарай басқа да мамандықтарға ауысқысы келетін түлектер ҰБТ-ны тапсыруға міндеттеледі.
РКС: Сонымен қатар тестілеу тапсырмаларының құрылымы да өзгерген. Яғни, 1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады. Мұндай өзгерістерге мұғалімдер алдын ала оқушыларды дайындау үстінде. Түрлі әдіс қолданып, жаңа форматтағы қосымша оқулықтар алуып жатыр.
СНХ: СӘУЛЕ ОСПАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Жаңа бағдарлама бойынша оқулықтан алынған. Сұрақ, тақырып контекст түрінде келеді. ++Әр оқушыға жеке логин,пароль беріледі. Тақырыпты бала игерген кезде тестік жұмыстар бар. Оған балалар қызығушылық танытуда. ++Осы жерде біз тест, карта, қосымша оқулықтар қолданамыз. Кейде деректі фильм де көрсетіп жатамыз. ++02:05 1 сыныпты екіге бөліп оқытамыз.
РКС: Ұстаздар шәкірттердің дайындығынан бөлек, психикалық денсаулығына да назар аударады. Бұл ретте мектеп психологы балалармен жұмыс істеп, әңгімелеседі. Мұның барлығы емтиханға дайындық кезінде баланың күйзеліске ұшырауының алдын алуға бағытталған. Онымен қоса түлектер мектеп қабырғасынан бөлек, білім орталықтарында да дайындалады.
СНХ: МЕРУЕРТ АХМЕТЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Біз қыркүйек айынан бастап, айына 2 рет тест тапсырамыз. Одан бөлек Ustudy орталығында да тест тапсырамыз. Пән мұғалімдерімен жұмыс жасаймыз. Болашақ шәкірттеріме білім нәрін сусындатып, адамгершілік және тәлім тәрбиеге бағыттап, бағдар беріп 2 шет тілінің мұғалімі болғым келеді. Яғни, неміс және ағылшын тілінде.
РКС: Айта кетейік, ұлттық бірыңғай тестілеудің 1-ші кезеңі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Ал екінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында. Оған өтініш беру 20 ақпаннан 10 наурызға дейін жүргізіледі.
АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ