ДИКТОР: Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленді. Енді кредит төлей алмай отырғандар қарызынан толық құтыла алады. Азаматтардың өтініші осы жылдың наурыз айынан бастап қабылданбақ. Дегенмен оның да нақты талаптары бар.
РКС: Өзін банкротпын деп жариялаған адам 5 жыл бойы несие ала алмайды. 3 жыл бойы азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, олар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады. Бүгінде өңірде 40 мыңға жуық адам қарызға белшесінен батқан. Олардың әлеуетін арттыру қажет. Заң жобасының мақсаты да сол.
СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Заң жобасы банкроттық рәсімнің 3 түрін енгізуді көздейді. Яғни, соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Біріншісімен мемлекеттік кірістер департаменті айналысады. Өтініш Егов порталы арқылы беріледі. Ал банкроттықты екінші және үшінші әдіспен жариялағысы келген азаматтар сот органдарына жүгінуі тиіс.
РКС: Сондай-ақ, борышкер төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіре алады. Ол үшін азаматтар банктерге жүгінуі тиіс. Сонда оларға салынған айыппұл кешіріліп, тіпті, төлем кестесі қайта құрылады.
СНХ:ӘЙГЕРІМ ҒАБДУЛЛИНА, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Еліміздің азаматтары бізге өтініш бере алады. Біз барлығын штаттық режимде қарастырамыз. Сосын өзін банкрот деп жариялау үшін қандай талаптар қойылатынын көрсетеміз, толық ақпарат береміз. Бұл жұмыс әлі жүріп жатыр. Барлығын ескеріп,банкке де, келген азаматтарға да тиімді жолын қарастарымыз.
РКС: Өзін банкротпын деп жариялағысы келгендерге ешқандай шектеу жоқ. Тек қойылған талаптар дұрыс орындалуы қажет. Ал бұл әдіске әдейі барғандар әкімшілік, тіпті, қылмыстық жауапқа тартылады.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»